RU

Көкшетауда тоғыз жасар бала өз үйінде белдікке асылып қалған күйінде табылды

Көкшетауда үшінші сынып оқушысы белдікке асылып қалған күйінде табылды деп хабарлайды 24.kz арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Тоғыз жасар баланы әжесі өз қамқорлығына алған екен. Оның 1987 жылғы әкесі бар. Пәтерде сонымен бірге, 1955 жылы туған бала күтушісі де болған деп хабарлады құқыққорғау органдары. Ал анасы болса ата-ана құқығынан айрылған.

Үшінші сынып оқушысы шкафқа байланған белдікке асылып қалған күйінде табылды. Бала күтушісінің айтуынша, бала спортпен айналысып, еркін күреспен шұғылданады екен. Бұл кеште ол бөлме ішінде асыр-салып ойнап, кейіннен бөлмеге кіріп кеткен екен.

10 минуттан соң бөлмеге кірген күтуші оны асылып қалған күйінде тапты.

Психологтардың айтуынша, бұл жаста балалар мұндай әрекетке бара алмайды. Бұл ойын кезінде болған жайт болуы да мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Президенттің 96 жастағы көршісі оның қандай бала болғанын айтып берді

«Алматы Тауэрс» директорының қамауға алынуы адвокатының түсінбестігін туғызды

Мәжіліс жиынында Бас прокурор мен министр бір-бірінің кемшілігін жайып салды

Бокстан әлем чемпионы үйлену тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Атырауда лауазымды орындарды сатқан шенеунік темір торға қамалмайтын болды

Өркениеттен қалып қойған тайпа ұшақты көріп есі шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1322391-kokshetauda-toghyz-zhasar-beldikke-asyl.html