RU

Қақаған қыстың суығын бизнеске айналдырған сатушылар семейліктердің ашуын келтірді

Семейде қыс келісімен бизнестің жаңа түрі пайда болды. Отыз градустан асқан аязға шыдамаған кез келген тұрғын шағын дүкендерге кіріп, жылына алады деп хабарлайды 31 арна.

Ерекше қызметтің құны - 100 теңге. Әзірге дүкенге кіріп, жылынуға құлшыныс білдіріп жатқандар - аялдамада тұрып, автобус күткен жолаушылар.

Аялдама маңындағы дүкендердегі «Жылыну 100 теңге» деген жазулар бірнеше күннен бері пайда болған. Ал автобустардағы жолақы 60 теңге. Ал ауа райын пайдаланып, қызмет көрсетудің жаңа түрін ұсынған дүкен сатушылары қанша адамның жылынғанын, сәйкесінше қанша қаражат кіріс кіргізгендерін айтқысы жоқ.

Саудагерлер, бұл әрекетке дүкенге сауда жасау үшін емес, жылыну үшін кіруді әдетке айналдырған тұрғындардың ісінен мезі болғандықтан бардық дейді. Бірақ бұған ел ашулы.

"Студент болғаннан кейін өте кеш шығамыз сабақтан. Автобустар да аз жүреді. Және 100 теңге деп жазып қойғандары мардымсыз былайша айтқанда"

"Менің ойымша бұлай болмау керек. Дүкендер жай қамқорлық істесе де болады ғой адамға"

"Ол өзіне ақша жасау үшін. Өзінің саудасын өткізу үшін. Сол мақсатта жазып қойған нәрсе шығар", - дейді жолаушылар.

Тағы оқыңыздар:

Көкшетауда тоғыз жасар бала өз үйінде белдікке асылып қалған күйінде табылды

Ақтауда 6-жасар қызды айуандықпен зорлады деп айыпталған күдіктінің қамау мерзімі ұзарды

«Астана» Қазақстан кубогын үшінші мәрте жеңіп алды (фото)

Биіктен құлап бара жатқан інісін қағып алып, құтқарып қалған 9-жасар бала сүйсіндірді

Тойда тоқтамай билеген бойжеткен асабаны "нокаутқа" түсірді

Швейцария банктері жарты ғасыр бойы алынбаған миллиардтардың иелеріне іздеу салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1322542-qaqaghan-qystynh-suyghyn-bizneske-aynal.html