RU

Дубайда 8 минутта 200 есеп шығарған 7 жасар ақтөбелік оқушы әлемді таң қалдырды (фото)

Дубай қаласында өткен ХХІ халықаралық ментальді арифметика жарысында 8 минутта 200 есеп шығарған 7 жасар ақтөбелік оқушы бірінші орын алды деп хабарлайды aktobenews.kz.

Алина Әлиева Ақтөбе қаласындағы №3 мектептің 2 сынып оқушысы. Ол қаладағы ментальді арифметика курсына 5 жасынан бастап қатысқан. Аптасына бір рет 2 сағаттық курсқа қатысып жүрген оқушы халықаралық жарыстан жүлдемен оралды.

"Қызымды 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап ментальді арифметикаға апарып жүрмін. Қызымнің екі жыл ішінде көрсеткен жетістіктері жаман емес. 2015 жылдың 1 наурызында өткен үшінші республикалық байқауда үшінші орынды алған болатын. Ал мамыр айында өткен төртінші республикалық байқаудан екінші орын алып келдік", — дейді Алинаның анасы Айгүл Бакиева.

Бірнеше рет бағын сынап жүрген Алина 2016 жылдың 11 қарашасында Дубай қаласында өткен ХХІ халықаралық ментальді арифметика жарысында бірінші орын алған. Жарысқа 57 елден 4 мың оқушы қатысқан. Балаларға 8 минутта 200 есеп шығару тапсырылған.

"Жасына қарамастан қызым тапсырманы жақсы орындады, бесінші деңгейлік есептерден мүдірген жоқ", — дейді анасы.

Халықаралық жарысқа Қазақстаннан 68 бала қатысқан. Ақтөбеден жалғыз өзі барған Алина Әлиева жүлдемен келді.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі жазушы: Орамал жамылып, паранжа киіп алу имандылықтың, мұсылмандықтың белгісі емес

Қақаған қыстың суығын бизнеске айналдырған сатушылар семейліктердің ашуын келтірді

2050 жылы жер бетіндегі халық саны 9 миллиардтан асып кетуі мүмкін

Өзгелердің өмірін қиғысы келген бала ойламаған жерден өз отбасын қырып салды

Қырғызстанда кәмелетке толмағандардың некесін қиған имамдар енді сотталады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1322706-dubayda-otken-zharysta-8-minutta-200-esep-sh.html