RU

Туған інісін ажалдан арашалап қалған бала желіде жұлдыз болды

Желіде тоғыз жастағы баланың үстелден құлап бара жатқан 11 айлық інісін құтқарып қалған видеосы пайда болды. Бұл туралы wday.ru порталына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға АҚШ-тың Флоридада штатында болған. Бес баланың анасы Тила Ливай 11 айлық сәбиін құндақтайтын үстелге қойып, үлкен ұлына бірдеңе айтпақшы болып артына бұрылған сәтте нәресте үстел шетіне домалып, жерге құлауға шақ қалады.

Мұны дер кезінде байқаған 9 жастағы Джозеф бірден інісін қағып алады.

Қас-қағым сәтте болған көрініс балалар бөлмесіне орнатылған видео бақылау камерасына түсіп қалған.

Видеоны сәбидің анасы өзге аналар мұқият болсын деген ниетпен Facebook желісіне жүктеген. Айта кетейік видеоны 50 млн адам тамашалаған.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі жазушы: Орамал жамылып, паранжа киіп алу имандылықтың, мұсылмандықтың белгісі емес

Қақаған қыстың суығын бизнеске айналдырған сатушылар семейліктердің ашуын келтірді

2050 жылы жер бетіндегі халық саны 9 миллиардтан асып кетуі мүмкін

Өзгелердің өмірін қиғысы келген бала ойламаған жерден өз отбасын қырып салды

Қырғызстанда кәмелетке толмағандардың некесін қиған имамдар енді сотталады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1322770-9-zhastaghy-balaqay-tughan-inisin-qutqary.html