RU

Алматыда мейірімді жандар қар тазалаған жұмысшыларға тегін тамақ таратты

Қыстың сықырлаған аязында қайырымды жандар бір-біріне көмек беруде. Кезекті игі істердің бірін Алматыдағы танымал мейрамхана бастап жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.

Мейрамхана толасыз жауған қардан қаланы тазартып, күні-түні тынбай еңбектеніп жатқан жұмысшыларға тегін ыстық тамақ пен шай таратуда. Бұндай игі шараның бастамасымен белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің желідегі парақшасында жазып, жұртпен бөлісті.

"Руми" мейрамxанасының ұжымы жол тазалап жатқан жұмысшыларған тегін ыстық тамақ пен шай таратып жатыр. Алла сауаптан жазсын! Адамдар бір-біріне мейірімді болып, жылу сыйлап тұрса ауа райының суықтығы да сезілмей қалады екен. Мейірімді болайықшы адамдар", - деп жазды ақын.

Айта кетейік мұндай игілікті шаралар Қазақстанның әр аймағында да өз жалғасын тауып жатыр. Мәселен астаналық көлік жүргізушілері тоңып тұрған адамдарды қалаған жеріне тегін жеткізіп салуда.

Тағы оқыңыздар:

Алматылықтар діттеген жеріне шаңғымен, велосипедпен жетуде (видео)

Астанада көлік жүргізушілері тоңып тұрған адамдарды қалаған жеріне тегін жеткізіп салуда (видео)

Адам сенгісіз жағдай: Үйіндінің астынан 17 жылдан кейін тірі шыққан адам

Әлемде "жаңа тәртіп" орнатқысы келетін президент: Ресей "ұлы ел"

Алматы "барахолкасындағы" шатырдың опырылуынан екі адам зардап шекті (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1323200-almatynynh-qaqaghan-ayazynda-zhumysshyla.html