RU

Шымкенттегі ірі базардың қожайыны облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды. Осылайша бір жарым айдан астам уақыттан бері бос тұрған креслоның жаңа иесі белгілі болды деп жазады oinet.kz.

Елдің аузындағы, ақпарат құралдарында айтылып айтылып келген болжам расқа шықты. Мәслихат хатшылығына ұсынылған Қайрат Балабиевтің кандидатурасына әріптестері бірауыздан қолдап дауыс берді.

Қайрат Балабиев еңбек жолын прокуратура саласынан бастаған. Ұзақ жылдар осы салада жемісті еңбек еткен. Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. Соңғы кездері кәсіпкерлікпен айналысқан. Ресми емес ақпараттарға қарағанда Шымкенттегі «Айна», «Самал» ірі сауда базарлары осы кәсіпкердің меншігінде көрінеді.

Мәслихат хатшылығына сайланғаннан кейін сөз алған Қайрат Балабиев өзіне сенім білдірген әріптестеріне алғысын айтты. Төле би бабамыздың даналық сөздерін жүгінген ол «Бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай» болып, облыс әкімімен, облыс әкімдігімен жұмыс істеуге уәде берді.

Тағы оқыңыздар:

Алматылықтар діттеген жеріне шаңғымен, велосипедпен жетуде (видео)

Астанада көлік жүргізушілері тоңып тұрған адамдарды қалаған жеріне тегін жеткізіп салуда (видео)

Адам сенгісіз жағдай: Үйіндінің астынан 17 жылдан кейін тірі шыққан адам

Әлемде "жаңа тәртіп" орнатқысы келетін президент: Ресей "ұлы ел"

Алматы "барахолкасындағы" шатырдың опырылуынан екі адам зардап шекті (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1323206-shymkenttegi-iri-bazardynh-qozhayyny-ob.html