RU

Астананың аязы оңтүстікке жетті: Өңірде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді

Қазақстанда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала мектептері мен колледждерде сабақ тоқтатылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада -30 градус аязға байланысты I ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына, Қостанайда -24 градус аязға байланысты I ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына, Өскеменде -39, Семей, Шемонаиха және Зыряндағы қатты аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды.

Сонымен қатар Қарағандыда -35 градус аязға байланысты 1-9-шы сынып, ал Павлодарда төменгі сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Сонымен қатар оңтүстікте де ауа райы күрт суып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп хабарлайды ТВК арнасы.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, аяз алдағы күндері күшейе түспек. Өңірде ауа температурасы -15-тен түнде -28- градусқа дейін төмендейді.

Сондай-ақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, ШҚО, Алматы, Ақмола облыстарында автокөліктің барлық түрі үшін жолдар жабылды.

Тағы оқыңыздар:

Алматылықтар діттеген жеріне шаңғымен, велосипедпен жетуде (видео)

Астанада көлік жүргізушілері тоңып тұрған адамдарды қалаған жеріне тегін жеткізіп салуда (видео)

Адам сенгісіз жағдай: Үйіндінің астынан 17 жылдан кейін тірі шыққан адам

Әлемде "жаңа тәртіп" орнатқысы келетін президент: Ресей "ұлы ел"

Алматы "барахолкасындағы" шатырдың опырылуынан екі адам зардап шекті (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1323237-onhtustikte-aua-temperaturasy-30-gradus.html