RU

288 миллион теңге парамен ұсталған шенділер қамауға алынды

Бұған дейін пармен ұсталған "Бәйтерек  Development" АҚ басқармасының қызметкерлері қамауға алынды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

"Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен Бәйтерек Development" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары А.Жақыпов, мемлекеттік-жеке әріптестік дирекциясы департаментінің басшысы Б.Айтымбетов, бұрынғы және қазіргі басқарушы директорлар Г.Анарбай Г.Сәриев, Project City Group ЖШС басшылары мен құрылтайшылары К.Смағұлов, Б.Есмұханов, Е.Жұманазар және А.Комаровақа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда тергеушілер "Бәйтерек Development" АҚ лауазымды тұлғалары жемқорлық сызбаға тартылған құрылыс компанияларынан жүйелі түрде пара ретінде 288 миллион теңге алғанын анықтады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетсек, 17 қарашада «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар қаражатты жымқырды деген айыппен «Бәйтерек» холдингінің 3 лауазымды менеджері ұсталған болатын. Олардың қатарында мәжілістің бұрынғы спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы да бар.

Тағы оқыңыздар:

Қызуқанды грузин балуаны ресейлік қарсыласымен төбелесіп қалды

Ресейде Тәжікстанның жеті азаматы тірідей жанып кетті

Күйеуінің таяғына шыдай алмай ажырасып кеткен әйел алты баласына нан таба алмай отыр

Ақтөбеде 2 жасар сәби ВИЧ індетін жұқтырған

Алматыда мейірімді жандар қар тазалаған жұмысшыларға тегін тамақ таратты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1323607-288-million-tenhge-paramen-ustalghan-shendi.html