RU

Назарбаев: Сотқа қысым жасайтын шенеуніктерді бүкіл елге көрсету керек

Президент Нұрсұлтан Назарбаев сотқа байланысы мен ақшасы арқылы қысым жасағысы келетiндердi бүкiл Қазақстанға жариялап, көрсетудi ұсынды. Әйтпесе, мұндай жағдайлардың тамырына балта шабу мүмкiн емес.

Бұл туралы елбасы Астанада өтiп жатқан республика судьяларының VII съезі барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Президент әкiмшiлiгiне өткен жылы заңдылықтың сақталуына байланысты азаматтар мен ұйымдардан 10 мыңға жуық шағым түссе, биылғы жылдың он айында олардың саны 7 мыңға жетiп отыр. Бұл орайда, мемлекет басшысы атап өткендей, бiр жағынан, сот қателiктерiне, екiншi жағынан, кез келген лауазымды тұлғаның сот қызметiне араласуына жол бермеу маңызды.

«Белгiлi бiр лоббистiк топтың мүддесiн қорғау үшiн сотқа қысым жасау мақсатында қоғамдық пiкiрдi пайдаланатын фактiлердiң жолын кесу керек. Ондайлар бар, мұны мен бiлемiн. Оларды жария ету қажет. Байланысы, ақшасы арқылы сотқа ықпал еткісі келетін адамдарды бүкiл Қазақстанға көрсету керек. Әйтпесе, бұл жалғаса бередi», - дедi Назарбаев.

Бiрақ бұл сот қауымдастығы қоғамдық сыннан жабық болуы тиiс деген сөз емес. Өйткенi, Елбасының айтуынша, демократиялық қоғам барлық мемлекеттiк институттардың жұмысына баға беруге құқылы.

«Сондықтан «Ұлт жоспарында» судьялардың есептелiгiн нығайту мiндетi қойылды. Бұл олардың тәуелсiздiгiне қол сұғу деген сөз емес», - дедi президент.

Тағы оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді

Бердібек Сапарбаев бес жасында жетім қалған қызға 2 бөлмелі пәтер алып берді (фото)

Шымкенттегі ірі базардың қожайыны облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды

Ерке Есмахан өзінің оқырмандарынан қол жайып ақша сұрады (фото)

Алматыда мейірімді жандар қар тазалаған жұмысшыларға тегін тамақ таратты

Танымал актриса алғаш рет ана атанды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1323794-nazarbaev-sotqa-qysym-zhasaytyn-sheneu.html