RU

Маңғыстау облысында 7-сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 13 жастағы қыз бала өгей әкесінен жүткі болып қалды. Ер адам анасы мен сіңлісін өлтіремін деп қызды қорқытып тастаған. Бұл туралы Тумба.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жетінші сынып оқушысы өгей әкесінен қорлық көріп жүргенін ешкімге айтпаған. Себебі, ер адам айтатын болсаң, сіңлің мен анаңды өлтіріп тастаймын деп әбден қорқытқан екен.

Арызды қыздың анасы берді. Әйел қызының жүкті екенін байқап қойған. Дәрігерлер келіншектің күдігін растағаннан кейін, әйел бірден полицейлерге жүгінеді.

"Қызының жүкті екенін және жантүршігерлік жайттардың мән-жайын біліп алған әйел АІІБ-ге жүгінді. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеу жүргізілуде", - дейді құқық қорғау органдарында.

Тергеу қыз баланың қанша уақыт зорланып келгенін анықтауға тырысуда.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Ұлттық компания басшылары қатаң бақылауға алынды

Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады

Ұлттық компаниялар жаңажылдық кеш өткізуден жаппай бас тартуда

Шымкенттік Назарбаев қайыр сұрап тапқан табысын полицейлермен бөлісіп жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1323836-manhghystau-oblysynda-7-synyp-oqushysy-og.html