RU

3000 теңгелік тойға барып көрдіңіз бе? (фото)

Бүгінде кез келген туысыңыздың қуанышына ортақтасып, тойына қатысу үшін 5-10 мың теңгеден кем апармайсыз. Ал елімізде өткелі отырған ерекше той үшін соншалықты көп қаржы керек емес.

Ерекше іс-әрекеттерімен танылып, барша халықты мейірімді болуға үндейтін еріктілер тобы еліміздің тағы бірнеше қаласынан ашылды. Енді олар қарттар үйіндегі қариялар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап ерекше той өткізбекші. Ол тойға қатысу үшін қалтаңызда небары 3000 теңге болса жеткілікті.

Жақындарының жылылығын аңсаған қариялар мен балалар үшін Қайрымды жандар тобы есте қаларлықтай үлкен той өткізгелі жатыр. Нақтылап айтар болсақ, бұрын Алматы мен Астанада белсенділігімен көрінген ерікті жастар тобы енді Ақтау, Ақтөбе, Шымкент және Тараз қалаларында дүбірлетіп той жасайды. Тойдың басты қонағы сіз де болуыңыз мүмкін. Ендеше, тойға келуге асығыңыздар!

Барлық толық мәліметтерді  әлеуметтік желідегі топ парақшаларынан біле аласыздар.

#Ақтау @aktau_kaiyrymdy_jandar

Ақтау қаласының тұрғындары 30.11.16 сағ 18.00-де 11 ықшам ауданда орналасқан "Жас Дәурен" тойxанасында балалар үйінің бүлдіршіндеріне арналған "Ертегі Әлемі" кеші өтеді. «Көңіліңнің жұмсаруын және қажеттілігің орындалуын қаласаң, жетімге мейірімділік етіп басын сипа және жегеніңді оған да жегіз».

Қатысу үшін өз алдынызға жайылатын кең дастарxанға 3000 теңге төлеп xалыққа аманат болып қалған балаларымен бірге ұмытылмас кеш өткізуге шақырамыз.

Толық ақпарат: Айгерім +7 707 757 0727

#Ақтөбе @aktobe_kaiyrymdy_jandar

Ақтөбе қаласының тұрғындары 5.12.16 сағ 18.00 -де Тургенев 38-де орналасқан "Хан Орда" тойxанасында қарттар үйіндегі 100 қарияға арналған той, яғни "100 Ата-әже кеші" өтеді.

Бұл той — қатты жүректі жібітетін, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын кеш.

Қатысу үшін: өз алдынызға жайылған дастарxанға 3 мың теңге төлеп сауабы мол кештің қонағы болыныз!

Толық ақпарат: Әсел +7 701 455 45 57

#Шымкент @kairymdy_zhandar_shymkent

Шымкент қаласының тұрғындары 7.12.16 күні Қ. Қазиев көшесі 106 да орналасқан "Ақмаржан" тойxанасында сағ 18.00 де "Нағыз батырлар" кеші өтеді.

Тағдырдың жазуымен тауқыметке тап болған қоғамымыздағы мүмкiндiгi шектеулi жандар қай уақытта да сіз бен біздің қолдауымызға мұқтаж.

Қатысу үшін өзініздің алыдынызға жайылған дастарxанға 3000 тг төлеп сауапқа толы, ұмытылмас кештің қонағы болыныз.

Толық ақпарат: Айгерім +7 702 373 37 31

#Тараз @taraz_kaiyrymdy_jandar

Тараз қаласының тұрғындары 8.12.16 сағ 18.00-де Тұрысов көшесі 23 -те орналасқан "Гауxартас" мейрамxанасында қарттар үйіндегі 100 қарияларға арналған той, яғни "100 Ата-апа кеші" өтеді.

Сіздің қатысуыныз өте маңызды!

"Ата амансыз ба?", "Апа құлпырып тұрсыз" деген сөздеріңізбен көңіл бөліп, биге шақырып, дірілдеген қолымен ұстаған микрофонға не айтқанын білмесе де, адамдардың назарында болғанына қуанған қарияларға тойдағыдай ду қол шапалақ сыйлауға шақырамыз.

Қатысу үшін: Өз алдыңызға жайылған дастарxанға 3 мың теңге төлеп сауабы мол кештің қонағы болыныз!

Толық ақпарат: Ақтолқын +7 747 146 3757

Топ мүшесі болу үшін: 8-701-066-66-55 WhatsApp номеріне толық аты-жөніңізді жазасыз. Мысалы: Айдын Тоқсанбаева, Алматы.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Ұлттық компания басшылары қатаң бақылауға алынды

Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады

Ұлттық компаниялар жаңажылдық кеш өткізуден жаппай бас тартуда

Шымкенттік Назарбаев қайыр сұрап тапқан табысын полицейлермен бөлісіп жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1323977-belsendi-zhastar-qarttar-uyindegi-qar.html