RU

Головкинді жеңген боксшы комада жатыр

Әуесқой бокстағы кездесуде Геннадий Головкинді жеңген неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт Лондонда өткен жекпе-жектен кейін есінен танып, ауруханаға әкетілді. Бұл туралы sport.kz сайтына сілтеме жасап "Егемен Қазақстан" хабарлады.

Гуткнехт жұма күні британ боксшысы Джордж Гроувспен кездесіп ұтылған болатын. Кездесу 12 раундқа созылғанмен, неміс боксшысы басынан ауыр соққылар алды. Жекпе-жектен соң киім ауыстыру бөлмесінде Гуткнехт есінен айырылып, госпитальге әкетілді. Сол түні ол жасанды комаға түсіріліп, ота жасалды.

Эдуард Гуткнехт 1982 жылы Шымкент облысының Жетісай ауданында туған. 11 жасында үй ішімен бірге тарихи отаны Германияға қоныс аударды. Әуесқой бокста Германия құрамасында бокстасты, 2006 жылдан бері кәсіпқой боксшы. 34 кездесудің 29-ында жеңіп, төрт рет жеңілген.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Ұлттық компания басшылары қатаң бақылауға алынды

Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады

Ұлттық компаниялар жаңажылдық кеш өткізуден жаппай бас тартуда

Шымкенттік Назарбаев қайыр сұрап тапқан табысын полицейлермен бөлісіп жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1323988-golovkindi-zhenhgen-boksshy-komada-zhaty.html