RU

Көкшетауда белбеуге асылып қалған баланың өліміне не себеп болғаны анықталды

Көкшетауда асылып қалған үшінші сынып оқушысы туралы толығырақ деректер анықталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жедел жәрдем" дәрігері белдікке асылып қалған тоғыз жасар бала туралы сөз қозғап, балалар арасындағы мұндай өлімнің себептері туралы өз пайымдауын айтты.

Бала білім алған №11 орта мектепте тоғыз жасар Романға өте жақсы мінездеме берілді. Мұғалімдердің айтуынша, бұл кездейсоқ болған жайт, көңілді әрі өзгелермен тез тіл табысатын оқушының өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес.

Еске сала кетсек, оқиға 17 қараша күні болған. Тоғыз жасар бала өз бөлмесінде белдікке асылып қалған күйінде табылған.

"Бала әжесінің қолында тәрбиеленген, ол кісі дүкенде сатушы болып істейді екен. Сол күні әжесі жұмыста болып, көршісіне немересін қадағалауды тапсырып кетіпті. Бала асыр салып ойнап жүреді. Кенет тып-тыныш бола қалады. Алаңдаулы әйел пәтерге кіріп келіп, баланы белдікке асылып қалған күйінде тауып алған", — деп хабарлады Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін өзі өлтіруге жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Баланың тағдыры оңай емес еді. Анасы 2011 жылы ата-ана құқығынан айырылды, әкесі бұрын сотталған, Алматы облысында тұрады. Роман әжесінің қолында болатын, ол кісі жеткіншекке бар өмірін арнады", - дейді №11 мектеп директоры Айгүл Нөгертаева.

Баланың өліміне себеп болған жайттарды тергеу жұмысы анықтайды. Сол күні дәрігерлер оқиға орнына жедел түрде жетті.

"Жансақтау бригадасы оқиға орнына бес минут ішінде жетті, бірақ бәрі кеш болатын, баланың көз жұмғандығы хабарланды", — дейді Көкшетау жедел медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің сапалы медициналық қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Инна Беспалова.

Беспалованың пайымдауынша, қайғылы оқиғаға жасөспірімдер арасында тарап кеткен "өліммен ойнау" себеп болуы мүмкін. Жеткіншекті жерлеу рәсімі жексенбі 20 қарашада болды.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Ұлттық компания басшылары қатаң бақылауға алынды

Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады

Ұлттық компаниялар жаңажылдық кеш өткізуден жаппай бас тартуда

Шымкенттік Назарбаев қайыр сұрап тапқан табысын полицейлермен бөлісіп жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324011-kokshetauda-belbeuge-asylyp-qalghan-ba.html