RU

Дариға Назарбаева: Қазақстанда балалар үйі мүлде болмауы керек

Елімізде балалар үйі мүлде болмауы керек. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Қазақстан балалармен достық қарым-қатынаста» атты халықаралық форумда парламент сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz.

«Елімізде 18-ге толмаған балалардың саны – 5,5 млн. Ол жалпы халықтың үштен бір бөлігін құрайды. Елімізде жыл сайын 400 мың-нан астам нәресте дүниеге келеді. Бұл сан қалада тұратын тұрғындардың санымен тең. Сондықтан біз осы жетікстікпен де мақтанауымыз керек», - деді депутат.

Сонымен қатар Дариға Назарбаева тәуелсіздік алған жылдары қазақ елінде жетім бабалар мен балалар үйінің екі есеге қысқарғандығын ерекше атап өтті.

«Біз осы жылдар аралығында жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балалардың санын екі есеге қысқарттық. Сондай-ақ, балалар үйінің саны екі есеге азайды. Дегенмен де бізде осы салада шешілмеген мәселелер бар. Сондықтан балалар үйі мүлде болмас үшін бар күшімізді біріктіру керек. Себебі, Қазақстанда балалар үйі мүлде болмауы керек», - деді халық қалаулысы.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық ғалымдар Назарбаев Шыңғысханның ұрпағы екенін дәлелдеп шықты (видео)

Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Ұлттық компания басшылары қатаң бақылауға алынды

Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады

Ұлттық компаниялар жаңажылдық кеш өткізуден жаппай бас тартуда

Шымкенттік Назарбаев қайыр сұрап тапқан табысын полицейлермен бөлісіп жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324127-darigha-nazarbaeva-qazaqstanda-balal.html