RU

Көпшілік жүз мың жылда бір рет болатын Айдың Қағбаны айналуын тамашалай алды

Қараша айының 18-нен 19-на қараған түні шамамен түнгі сағат 3.25-те керемет табиғат құбылысы болды. Аспандағы Ай қасиетті Қағбаны айналды деп жазады aikyn.kz.

Айдың Қағбаны айналуы енді 100 000 (жүз мың) жылдан кейін қайталанады екен. Сол түні аспан жарық нұрға, көгілдір қызғылт шуаққа шомылып тұрды. Таң ата табиғаттың керемет сыйы – жапалақтап жауған ақша қар Алматыны ерекше ажарға бөледі.

Ай Қағбаны айналғанда Алладан тілеген тілек түгел орындалады деген сенім бар. Мұсылмандар бұл күні «Астағфируллаха Рабби мин кулли занбин уа атубу иляйһи» деп дұға жасап, Аллаға күнәларының кешірілуін сұрап жалбарынады. «Фатиха» сүресін 11 рет оқып, жарылқау тілейді.

Қағба – қара жердің ғана емес, күллі ғарыштың орталығы. Он сегіз мың ғалам бір Аллаға сәжде етеді. Қағбаның төбесінде Аршы мен Күрсі (Құдайдың тағы) және жеті қабат аспан мен жеті қат жер бар делінеді. Ғалымдардың айтуынша, бұлар – Жердің жеті серігі, планетамыздағы жеті аспан денесі.

Қағба – араб тілінен сөзбе-сөз аударғанда құрметтелген, ұлы, үлкен жер деген мағына береді. Сонымен бірге «Ең ежелгі, ең бірінші» және «Байтуль Харам», яғни «Қасиетті үй» деген мағынасы бар. Мұсылмандар намаз оқығанда Қағбаға қарап тәу етіп, ұйықтағанда, тіпті қайтыс болғанда да бетін құбылаға қаратуының бір себебі де осында.

Қажыға барғандардың Қағбаны сағат тіліне қарсы жеті рет айналуы да он сегіз мың ғаламның айналуын білдіреді. Электроникадан бастап галактикаға дейін дәл осылайша қозғалады. Тәуап етушілердің Қағбаны сағат тіліне қарсы айналуында да үлкен сыр бар.

Пайғамбарымыздың: «Кімде-кім Қасиетті Қағбаға қажылық міндетін өтеу ниетімен келіп, күнә мен жағымсыз істерден сақтана отырып қажылығын өтесе, анасынан туғандай күнәдан пәк күйде үйіне оралады» деген хадисі, бәлкім, Жердің осін айналғанда діндарлардың бой-басынан жағымсыз ақпараттың жуылып кететінімен байланысты да шығар.

Әлем жұрты куә болған ғажайып құбылыс – Айдың қасиетті Қағбаны айналуы енді жүз мың жылдан кейін ғана қайталанады.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық ғалымдар Назарбаев Шыңғысханның ұрпағы екенін дәлелдеп шықты (видео)

Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Ұлттық компания басшылары қатаң бақылауға алынды

Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады

Ұлттық компаниялар жаңажылдық кеш өткізуден жаппай бас тартуда

Шымкенттік Назарбаев қайыр сұрап тапқан табысын полицейлермен бөлісіп жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324152-kopshilik-zhuz-mynh-zhylda-bir-ret-bolatyn.html