RU

Хиджабтағы алғашқы тележүргізуші Канада эфирінде жұртты өзіне қаратты (видео)

Канада елінде мұсылман қыз-келіншектер қоғамда маңызды орын алып, сый-құрметке ие болуда деп жазады ummet.kz.

Джинелла Масса есімді журналист қыз Канада телеарнасының жаңалықтар қызметіндегі тұңғыш хиджабтағы жүргізуші атанды. Мұсылман қызының CityNews арнасындағы қызметіне әлеуметтік желіде қолдау білдірушілер қатары көбейді. Айта кетер жайт, Джинелла Масса Панамада католик отбасында дүниеге келген.

Бір жасқа толған уақытта оның анасы Канадаға қоныс аударады, екі жылдан соң исламды қабылдайды. Осылайша, Джинелла үш жастан бастап мұсылманша тәлім-тәрбие алып, ислам дінін ұстанып өседі. 2015 жылы Джинелла канадалық телеарналарда хиджабтағы алғашқы журналист саналды. Енді ол телеарнаның жаңалықтар қызметін жүргізуді қолға алды.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық ғалымдар Назарбаев Шыңғысханның ұрпағы екенін дәлелдеп шықты (видео)

Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Ұлттық компания басшылары қатаң бақылауға алынды

Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады

Ұлттық компаниялар жаңажылдық кеш өткізуден жаппай бас тартуда

Шымкенттік Назарбаев қайыр сұрап тапқан табысын полицейлермен бөлісіп жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324207-khizhabtaghy-alghashqy-telezhurgizushi-kan.html