RU

Бозымбаев: АИ-92 бензині күрт қымбаттады дегенге сенбеймін

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың мәліметінше Қазақстан елордасындағы АИ-92 жанар майының тапшылығы жаһандық емес, ағымдағы сипатқа ие деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бір күн бұрын Астананың жанар май бекеттерінде осы отын түрінің жетіспеуіне байланысты дүрлікпе көтерілді. Бұған дейін бірнеше күн ішінде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының май құю желілері көліктерге жанармайды тек талондармен толтырып отырды.

"Кеше мен жанар май бекеттерінде болдым, жағдай тұрақталды. Аяз болған кезде, кеше термометр —32 градусты, ал сенбі күні 25-27 градус болған, сұраныс 2,5 есеге артты. Сондықтан "ҚМГ-да" егер күнделікті 100 тонна АИ-92 сатылатын болса, сенбі күні осы марканың 220 тоннасы өткізілді", — деді Бозымбаев дүйсенбіде үкіметтік сағат барысында.

Оның түсіндіруінше, бұл ауа температурасының күрт төмендеуімен байланысты болған. Осының салдарының автокөлік иелері көлікті жылытуға отынды көптеу жұмсаған.

"ҚМГ" алдын ала дайындалуға тиіс болатын, бірақ бұл мәселе жаһандық емес, ағымдағы сипатқа ие. Кеше бұл мәселені шештік. Астанада қарашаның соңына дейін ЖЖМ-ның жеткілікті мөлшері бар, бұл үшін алаңдаудың қажеті жоқ", - деді Бозымбаев.

Ол, сонымен қатар АИ-92 бензині күрт қымбаттады дегенге сенбейтінін алға тартты деп жазады ҚазТАГ.

"Мен бензин күрт қымбаттады дегенге сенбеймін. Өткен жылдың қарашасында АИ-92 бензинінің құны литріне 127 теңге болатын. Ал бүгінде 30 теңгені құрайды", - дейді Бозымбаев.

Министр АИ-92 бензинінің литріне белгіленген әділетті бағасы 135-140 теңге деп есептейді.

"Әділетті баға - 135-140 теңге. Қараша айында литрі 130 теңге деңгейінде сақталады, егер күрт қымбаттайтын болса, біз тексеріс жүргіземіз", - деп сендірді Бозымбаев.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық ғалымдар Назарбаев Шыңғысханның ұрпағы екенін дәлелдеп шықты (видео)

Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Ұлттық компания басшылары қатаң бақылауға алынды

Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады

Ұлттық компаниялар жаңажылдық кеш өткізуден жаппай бас тартуда

Шымкенттік Назарбаев қайыр сұрап тапқан табысын полицейлермен бөлісіп жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324243-bozymbaev-ai-92-benzini-kurt-qymbattady.html