RU

Атақты «Алтын Орда» базарының жолы кеңейтілетін болды

Алматыдағы «Алтын Орда» базарының маңындағы автожолды кеңейту жұмыстары келесі жылдың сәуір айынан бастап қолға алынады деп хабарлайды 24.kz.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Алматы қаласы мен облысқа жасаған жұмыс сапары кезінде тиісті мекеме басшыларына осындай тапсырма берді.

Енді күрделі жөндеу жұмыстары басталса, төрт жолақты автожол он жолаққа дейін кеңейтіледі. Бірнеше жер үсті өткелі мен кері айналатын көпір салынады. Бұл жұмыстарға 10 миллиард теңге жұмсалмақ.

"Алтын Орданың" мәселесі шешіледі. Ішкі екі жолақ транзитті жолаушыларға арналады. Қаладан шыққан машиналар еш бөгелместен батысқа қарай жүре береді. Алматыға кіретін кезде де осындай екі жолақ болады. Ал базарға келушілер оң және сол жақтағы үш жолақты пайдаланады", - дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда зорланған алты жасар қыз бала Астанада көз жұмды

Дариға Назарбаева: Қазақстанда балалар үйі мүлде болмауы керек

Алматы облысында пеш жарылып екі адам қаза тапты

Хиджабтағы алғашқы тележүргізуші Канада эфирінде жұртты өзіне қаратты (видео)

Көпшілік жүз мың жылда бір рет болатын Айдың Қағбаны айналуын тамашалай алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324596-ataqty-altyn-orda-bazarynynh-zholy-ke.html