RU

Ақтөбеде жалғызбасты әке балаларын әйелсіз өсірудің тым қиын екенін айтты

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылының тұрғыны Өмірғали Асанов - жалғызбасты әке. 50 жастан асқанда әйелінен айырылған ер адам балаларына қамқор болатын әйел іздеп жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

"56 жастамын, мектеп жасындағы екі бала тәрбиелеп отырмын. Үлкені 11-сыныпта, кішісі 9-сыныпта оқып жүр. Әйелімнің қайтыс болғанына төрт жыл болды. Балаларымды өзім қарап отырмын. Енді қайтемін, оларды балалар үйіне тапсырып жіберсем не болады? Балалардың көңіліне қарап, солар ренжімесін деп жүрмін. Шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін тұрып жатырмыз", - дейді Өмірғали Асанов.

Ол ескілеу үйінің сыртына жақында жөндеу жұмысын жасап алғанын айтты. Су ағып тұрған төбесін бітеп, есігінің алдын жөндеген.

"Енді есімізді жиып, сәл бірыңғайланып қалдық. Ұсақ-түйек жұмыстарды балаларға үйреттім, қазір үй шаруасын өздері жасайды. Тамақтарын пісіру, киімдерін жууды өзім істеп жүрмін. Ананың да, әкенің де рөлін атқарып отырмын. Үйдің жұмысы, даланың жұмысы өзіңе қарап тұрады", - деген ер адам жүзі жылы адам болса, әйел алғысы келетінін жасырған жоқ.

"Балаларға қамқор болатын дұрыс адам болса, отбасын құрғым келеді. Бір-екі адам ыңғай танытып еді, бірақ өзім оларды қол көрмедім. Балаларыма анасындай қарайтын адам керек. Аналарының орнын ешкім баса алмас, бірақ, жүзі жылы мейірімді адам болса деп едім. Балаларым біраз уақыт анасыз болды. Үйдегі берекеттің бәрі әйелге байланысты. Адуынды біреуді әкеліп, балаларымның бетіне қарай алмайтындай болсам не болады?", - дейді Өмірғали Асанов.

Облыстық әкімдік тарапынан жалғызбасты ер адамның үйіне Тәуелсіздік қарсаңында газ кіргізіп берген.

Тағы да оқыңыздар:

Пәтер жағалап жүрген қазақ қыздары жанайқайын жеткізді (фото)

Қарапайым қызметкерге үй сатып алу үшін кемінде 16 жыл қажет

Ақтөбелік террористер сотта соңғы сөздерін айтты

Болат Назарбаев қызының туған күнін ертегідегідей етіп жасап берді (фото)

Мультимиллионер әнші өзінің тойын аста-төк қылып өткізуден бас тартты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324634-aqtobede-56-zhastaghy-er-adam-balalaryna-q.html