RU

Ақтауда зорланған алты жасар қыз 87 тәулік бойы өмір үшін күрескен

Ақтауда зорланған алты жасар Викторияның өлімінің кейбір нақты деректерін University Medical Center корпоративтік ұжымның баспасөз қызметінде жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ол 21 қараша күні сағат 17.20-да көз жұмды. Оны емдеген дәрігерлер, қыздың өмірі үшін соңына дейін күресті. Жалпы ол 87 тәулік өмір сүрді. Бұл уақытта АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Израиль, Польшаның алдыңғы қатарлы мамандарының қатысуымен бірнеше консультациялар жүргізілді. Оны соңына дейін (аппараттармен), толық декомпенсация болғанға дейін, яғни организмі аппараттық ұстап тұруға әсер етуін толық тоқтатқанға дейін ұстап тұрды", - деді Sputnik Қазақстанға UMC баспасөз хатшысы Данияр Меңлібеков.

Бұрын хабарланғандай, қызды 20 тамыз күні Ақтау қаласында ұрлап әкетіп, зорлаған. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер ыстық өтіп, қансырап жатқан қызды тауып алады. 27 тамыз күні қыз облыстық балалар ауруханасынан Астанаға Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді. Оның жағдайы аса ауыр деп бағаланған, қыз үш ай бойы комада жатты.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда зорланған алты жасар қыз бала Астанада көз жұмды

Дариға Назарбаева: Қазақстанда балалар үйі мүлде болмауы керек

Алматы облысында пеш жарылып екі адам қаза тапты

Хиджабтағы алғашқы тележүргізуші Канада эфирінде жұртты өзіне қаратты (видео)

Көпшілік жүз мың жылда бір рет болатын Айдың Қағбаны айналуын тамашалай алды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324658-aqtauda-zorlanghan-alty-zhasar-qyz-bala-87.html