RU

70 жастағы қария қыста жылы жүру үшін үйінің ішінен жертөле қазып жатыр (фото)

Отын-су алуға ақшасы жоқ Қызылорда облысының тұрғыны қара суықтан қорғанудың тың тәсілін тапты деп жазады КТК арнасы.

Жосалы кентінде тұратын Серікбай Ахметов қыста қатып қалмау үшін жертөлеге жасырынбақшы. Себебі, 70 жастағы қарияның үйін жылытатын отын-көмірі жоқ. Сондықтан баспанасының ішінен жер қазып, қыс бойы сол жерде күнелтпекші.

Қара суықта қатып қалмаудың қамына кіріскен қария бір аптадан бері үй ішінен жертөле қазып жатыр. Жалғызбасты ақсақал алатын зейнетақым азық-түліктен артылмайды дейді. Сондықтан екінші топтағы мүгедек үскірік аязда жер астына тығылып жан сақтамақшы.

"Жағатын ештеңем жоқ. Жердің астына кіріп жылы жерде, жердің астында өмір сүремін. Не істеймін енді?", - дейді Жосалы кентінің тұрғыны Серікбай Ахметов.

Қазір қария жертөленің жартысын қазып қойыпты. Алайда қыста жылы жату үшін әлі де тереңдету керек дейді.

"Екі метр қазам. Бойым 1,68 см. Сосын астына жаман көрпелерім бар соны төсеп, үстіме жаман көрпелерді жамылып жатамын", - дейді Жосалы кентінің тұрғыны Серікбай Ахметов.

Туған-туысы да бала-шағасы да жоқ қария тек көршілерімен араласады екен. Олар да Серікбай Ахметовтің бұл қадамға амалсыздан барып отырғанын айтады.

Жер астынан жылылық іздеген ақсақал атқамінерлердің де алдына талай барған екен. Алайда ешкім көмек қолын созбапты. Сондықтан былтырғы қыста үйінің едендерін отқа жағып аман шыққан.

Тағы да оқыңыздар:

Пәтер жағалап жүрген қазақ қыздары жанайқайын жеткізді (фото)

Қарапайым қызметкерге үй сатып алу үшін кемінде 16 жыл қажет

Ақтөбелік террористер сотта соңғы сөздерін айтты

Болат Назарбаев қызының туған күнін ертегідегідей етіп жасап берді (фото)

Мультимиллионер әнші өзінің тойын аста-төк қылып өткізуден бас тартты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324755-otyn-sugha-aqshasy-zhoq-70-zhastaghy-qyzylord.html