RU

ОҚО-да бір ауылдың оқушылары жаппай биттеп кетті

Таяуда Сарыағаш ауданының Ошақты ауылындағы 37 тұрғыны ауыл және аудан әкіміне арыз жазды. Олар бір ауылдың оқушылары жаппай биттеп кеткеніне шағымданған деп жазады "Замана" басылымы.

"Біз, Ошақты ауылының тұрғындары, жеке кәсіпкер Анатолий Чудың моншасының жұмысын тоқтатпауды сұраймыз. Монша өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері жұмыс істеп келеді", – деген тұрғындар монша өзгенің иелігіне өткелі бері жағдайлары қиындағанын баяндады.

"Бұл моншаның иесі көпбалалы аналарға, жетім-жесірлер мен ардагерлерге жеңілдік беруші еді. Енді, міне, жылы су шығатын ұңғыманы бір кәсіпкер сатып алып, су бермей отыр. Ауылда басқа монша жоқ. Көлігі барлар 12 шақырымдағы көрші ауылдарға барады", – дейді зейнеткер Бану Бейгелова.

"Екі ай бұрын мен шомылып жатқанда ескертпестен суды тоқтатып тастады. Үстім сабын болғандықтан мұздай суға түсемін деп ауырып қалдым. Жуынбағандықтан балалардың үсті кірлеп, қол-аяқтары жарылып, жара болып жатыр. Ауылда қышыма көбейіп барады. Биттеген оқушыларды мұғалімдер мектептен қайтарып жатыр", – деп жалғастырды Бану Бейгелова.

"Екі ай моншаға түспеген адамның не болатынын өзіңіз ойлаңызшы. Шашы ұзын қыздар бар. Менің өз қызымның шашы биттеп кетті. Бірақ онымен санасып жатқан ешкім жоқ", – дейді ауыл тұрғыны Гүлназ Кенжебаева.

"Әкем сырқат болғандықтан жұмысты мен жүргіземін. Бірнеше жылдан бері ақша төлеп жүрміз... Ауылды қаламен салыстыруға болмайды. Ақша жоқ болғандықтан біз үлкендерден – 200, балалардан 100-ақ теңге аламыз. Жеңілдіктеріміз де бар. Кейбіреулер қарызға шомылады, тегін шомылатындар да бар. Шағымымнан кейін ауыл әкімі Сейдахрам Ештаев екінші тараппен сөйлесіпті, бірақ мені шақырмаған. Бізде құжаттың барлығы бар. Тазалығымыз қаладан артық болмаса кем емес", – дейді жеке кәсіпкер Алена Чу.

Тілшілер ауыл әкімі Ештаевпен хабарласқанда ол кісі Ошақтыдағы монша мәселесімен бүгінде табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті айналысып жатқанын айтты.

Тағы да оқыңыздар:

Пәтер жағалап жүрген қазақ қыздары жанайқайын жеткізді (фото)

Қарапайым қызметкерге үй сатып алу үшін кемінде 16 жыл қажет

Ақтөбелік террористер сотта соңғы сөздерін айтты

Болат Назарбаев қызының туған күнін ертегідегідей етіп жасап берді (фото)

Мультимиллионер әнші өзінің тойын аста-төк қылып өткізуден бас тартты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324813-oqo-da-bir-auyldynh-oqushylary-zhappay-bi.html