RU

Пара беріп жұмысқа кірген адамның айлығы харам ба?

Взятка
Фото: UGC

Пара беріп жұмысқа кірген адамның айлығы харам ба? Бұл сұраққа жауапты mazhab.kz сайты іздеді.

Алдымен мынаны айта кету керек: Шариғатта пара беру – харам. «Пара берген де, пара алған да – тозақта», – деген Пайғамбарымыз.

Кей жағдайларда болмаса, жалпы алғанда пара беру де, пара алу да Исламда ауыр күнә саналады. Мысалы, ақысына қол жеткізу тек пара беру арқылы болып жатса, рұқсат.

Онда да бұл өзгенің ақысын жеп, ала жібін аттауға апарып соқпауы керек. Және жанын арашалап қалу немесе зұлымдықты бейтарап ету сияқты мәжбүр жағдайларда болады.

Риуаяттарға қарағанда, сахаба Абдулла ибн Мәсғуд Эфиопия жерінде әлдебіреулердің жауыздығынан екі динар ақша беріп құтылғандығы айтылады. Әрі былай деген: «Мұндай жағдайда күнә алушыға болады, берушіге емес».

Сондықтан да басқа жұмыстарды қарастырған дұрыс. Әйткенмен де сан-саққа жүгіріп, отбасы нәпақасын табатын бас­қа жұмыс табылмай жатса, амал жоқ, күнә пара алушыға болмақ.

Ал алған айлығы істеген жұмысының ақысы болғандықтан, онысы – адал. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Тағы да оқыңыздар:

Пәтер жағалап жүрген қазақ қыздары жанайқайын жеткізді (фото)

Қарапайым қызметкерге үй сатып алу үшін кемінде 16 жыл қажет

Ақтөбелік террористер сотта соңғы сөздерін айтты

Болат Назарбаев қызының туған күнін ертегідегідей етіп жасап берді (фото)

Мультимиллионер әнші өзінің тойын аста-төк қылып өткізуден бас тартты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324886-para-berip-zhumysqa-kirgen-adamnynh-ayl.html