RU

Жомарт кәсіпкер студенттерге тегін жатақхана ашты (фото)

Бизнесмен сидит за ноутбуком в кабинете
Иллюстративное фото: pexels.com

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен Павлодар қаласының Усолка шағын ауданындағы Бірінші Май - Бестужев көшелерінің қиылысынан студент ер балаларға арналған тегін жатақхана ашылды деп жазады mazhab.kz.

«Кәсіпкер адамның көмегімен ашылған бұл студенттер үйіне (пансионат) темекі шекпейтін, ішкілік ішпейтін, тәртіпті, тыңдағыш жігіттер қабылданады. Жатақхана екі қабаттан тұрады. Онда тұру – ақысыз. Төсек-орын тегін беріледі. Әр қабатта шомылу үшін 4 кабина душ және сонша дәретханасы бар. Бір бөлмелі асүйде (кухня) екі ас пісіретін пеш, бір мұздатқыш (холодильник) пен үлкен тоңазытқыш бар. Мешіт тарапынан студенттермен бірге тұратын жауапты тәрбиеші тағайындалады. Болашақта қыздар үшін де осындай жатақхана ашу жоспарлап отырмыз», - дейді «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы Нариман Ермекұлы.

«Аты-жөнін жариялаудан бас тартқан жеке кәсіпкер өз меншігіндегі екі қабатты ескі ғимаратқа жөндеу жүргізіп, орталық мешітке ешқандай төлемақысыз тегін берді. Осылайша, имамдар бұл жерге қалада тұрақты баспанасы жоқ студенттерді қабылдауды ұйғардық. Екі қабатты ғимараттың 16 бөлмесі бар. Әр бөлмеге екі баладан алатын болсақ, 32 студентті уақытша баспанамен қамтуға мүмкіндігіміз бар», - дейді Нариман Ермекұлы.

«Өздеріңіз білесіздер, қазір жоғары оқу орындарда оқитын студенттердің барлығы тегін жатақханамен қамтылмаған. Соның салдарынан қаншама жастар жалдамалы пәтер жағалап жүр. Біздің мақсатымыз - сондай жастарды осындай діни, рухани орындарға тартып, оларға қамқорлық көрсету. Егер мұқтаж жандарға біз көмектеспесек, оларды басқа діни ағымның өкілдері ертіп кетуі әбден мүмкін ғой. Өйткені, баспанасыз жүрген балалар кез келген адамның сөзіне иланғыш келеді. Болашақта мұнда ұстаз тағайындап, Исламша білім алуға ниетті жастар үшін діни дәріс ұйымдастыратын боламыз», - деп түсіндірді Нариман Ермекұлы.

Студенттер мұнда 13-қарашадан бастап орналасып жатыр. Ал, келесі жылы қыз балаларға арналған дәл осындай студенттер үйі пайдаға берілмек.

Тағы да оқыңыздар:

Пәтер жағалап жүрген қазақ қыздары жанайқайын жеткізді (фото)

Қарапайым қызметкерге үй сатып алу үшін кемінде 16 жыл қажет

Ақтөбелік террористер сотта соңғы сөздерін айтты

Болат Назарбаев қызының туған күнін ертегідегідей етіп жасап берді (фото)

Мультимиллионер әнші өзінің тойын аста-төк қылып өткізуден бас тартты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324897-zhomart-kasipker-studentterge-tegin-zh.html