RU

"Қазақстан тарихы" пәні ҰБТ-дан алынып тастала ма?

«Алтын белгi» иегерлерi ұлттық бiрыңғай тестiлеуден босатылмайды. Бұл туралы үкiметте ҰБТ-ның жаңа форматы талқыланған отырыста Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев айтты деп хабарлайды Baq.kz.

"Алтын белгi" иегерлерiн және түрлi конкурстар мен олимпиадалар, ғылыми жобалардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн ҰБТ-дан босату ұсынылды. Бiз бұл ұсынысты қолдамадық. ҰБТ-ны бәрi тапсыруы керек деп есептеймiз", - дедi Сағадиев.

Тек жоғары оқу орнына түсер кезде бiрдей балл болған жағдайда, мемлекеттiк грант "Алтын белгi" иегерiне берiледi.

Ал "Қазақстан тарихы" пәнi ҰБТ-дан алынбайды.

"ҰБТ-ның жаңа форматын талқылаған кезде ұсыныстар болды. Соның бiрi - "Қазақстан тарихы" пәнiн ҰБТ-дан алып тастау. Шын мәнiнде, бұл пән екi рет - мектепте және ҰБТ кезiнде тапсырылады. Бiрақ бiз "Қазақстан тарихын" қалдыру керек деп есептеймiз. Өйткенi қоғамның пiкiрi бойынша бұл пән де маңызды, сондықтан ҰБТ-да болуы тиiс", - дедi Сағадиев.

Айта кетейiк, 2017 жылдан бастап ҰБТ жаңа форматта өтедi. Мектепте оқушылар емтихан тапсырып, қорытынды аттестациядан өтедi. Ал жоғарғы оқу орнына түсу үшiн ұлттық бiрыңғай тестiлеу тапсырады.

Тағы да оқыңыздар:

Пәтер жағалап жүрген қазақ қыздары жанайқайын жеткізді (фото)

Қарапайым қызметкерге үй сатып алу үшін кемінде 16 жыл қажет

Ақтөбелік террористер сотта соңғы сөздерін айтты

Болат Назарбаев қызының туған күнін ертегідегідей етіп жасап берді (фото)

Мультимиллионер әнші өзінің тойын аста-төк қылып өткізуден бас тартты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1324970-altyn-belgi-iegerleri-ubt-dan-bosatyl.html