RU

11 жыл бойы күйеуінен қорлық көрген әйел аянышты тағдырын баяндады (видео)

Қостанай облысының тұрғыны Феруза Кенжалиева бұрынғы күйеуінде қалған төрт баласын қайтарып алу үшін Қазақстанның жоғарғы сотына видеоүндеу жолдады деп хабарлайды  #НеМолчиkz қорына сілтеме жасапNUR.KZ.

Видеода әйел адам бұрынғы күйеуінің аяусыз ұрып, үйінен қуып жібергенін, азапты өмірі 11 жылға созылғанын айтады.

"Мен күйеуіммен 11 жыл тұрдым. 4 балам бар. Күйеуімнен енемнің көзінше таяқ жейтін едім. Ұратын. Екі көкірегімнен қысып бұрайтын. Жағымды, мұрнымды сындырды. Жүгіріп келіп көкірегімнен тепкенде демала алмай жататынмын. Балалардың көзінше де ұратын. Үй менікі, дүние менікі деп түннің бір уағында үйден қуып жіберетін. Ойыне не келсе соны істейтін. Бір күні тағы да қуып жіберді. Анамның үйіне бардым. Анам екеуміз балаларды алып кетуге қайта бардық. Анам жұбайыммен қайта қоспақшы болған, алайда оның анама айтпағаны жоқ. Тіпті, балконнан лақтырып жіберем деп қорқытты", - деген әйел Қостанай облыстық сотына арыз түсіргенін айтты.

Енді 11 жыл бойы күйеуінен қорлық көрген әйел 4 баласын қатігез күйеуінен қайтарып алу үшін жоғарғы соттан көмек сұрап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Пәтер жағалап жүрген қазақ қыздары жан айқайын жеткізді (фото)

ШҚО-да аяз күшейіп, -39 градусқа жетті

Ресейдегі жемқор министрге қазақстандық бойжеткеннің қатысы бар болып шықты (фото)

Танымал қазақ әншісі кәрі қыздарды азайтып, төрт әйел алатынын ашық айтты

Ақтауда зорланған алты жасар қыз 87 тәулік бойы өмір үшін күрескен

Ақтөбеде жалғызбасты әке балаларын әйелсіз өсірудің тым қиын екенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325030-11-zhyl-boyy-kuyeuinen-qorlyq-korgen-ayel.html