RU

Алматыны қардан тазалауға бюджеттен тағы 400 млн теңге бөлінді

Алматыда 16-20 қараша күндері аралығында жауған қардың биіктігі 60 сантиметрге, кей жерлерде 80 сантиметрге дейін жетіп отыр. Бұл орташа айлық көрсеткіштен 3 есеге көп.

Бүгін Астанаға кеп есеп берген қала әкімі Бауыржан Байбек Алматы көшелерін қардан тазарту жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатқанын айтты деп жазады skifnews.kz.

Байбектің айтуынша, қаладағы коммуналды қызмет көрсететін мекемелердің барлығы қар күреу жұмыстарына жұмылдырылған. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық әкімдіктегілер де бұл іске атсалысуда. Ғимарат иелері, көпқабатты үй тұрғындары да өз аулаларын өздері тазартып жатыр. Күн сайын қар күреу жұмыстарына 760 дана техника мен 1,6 мың жұмысшы қытысуда.

"Ауа райының тосын мінезін және жұмыстардың тәулік бойы жүріп жатқанын ескере келе жергілікті бюджеттен қосымша 400 миллион теңге қарастырып отырмыз. Яғни, біз жұмысшылардың жалақыларын 20 пайызға өсіріп, қосымша жұмыс күшін алып жатырмыз. Егер қар азайса, бұл техникалар қоқыс тазалаумен айналысатын болады", – деді Бауыржан Байбек.

Тағы оқыңыздар:

Пәтер жағалап жүрген қазақ қыздары жан айқайын жеткізді (фото)

ШҚО-да аяз күшейіп, -39 градусқа жетті

Ресейдегі жемқор министрге қазақстандық бойжеткеннің қатысы бар болып шықты (фото)

Танымал қазақ әншісі кәрі қыздарды азайтып, төрт әйел алатынын ашық айтты

Ақтауда зорланған алты жасар қыз 87 тәулік бойы өмір үшін күрескен

Ақтөбеде жалғызбасты әке балаларын әйелсіз өсірудің тым қиын екенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325038-almatyny-qardan-tazalaugha-byudzhetten.html