RU

Алматыда әйел-трансгендер ерлер колониясына тоғытылуы мүмкін

26 жастағы өзін Кристина деп таныстыратын Хасан (есімі өзгертілген) есімді трансгендер қамауға алынды деп хабарлайды "Открытая Азия онлайн" порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ол көп мөлшерде ақша талап етіп бопсалау əрекетіне байланысты айыпталып отыр.

Егер Кристинаның кінəсі дəлелденсе ол жазасын ерлерге арналған колонияда өтеуі мүмкін.

Қазақстандық құқық қорғау органдары мұндай жағдаймен алғаш рет кездесіп отыр.

Сыртқа келбетін өзгертіп тастаған Хасан құжаттарын өзгертпеген.

"Оның туу туралы куəлігінде ер адам екені көрсетілген. Бұл адамды əйел ретінде құжаттауға ешқандай негіз болмаған", - дейді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Əзірбек.

Сыртқы белгілеріне қарамастан трансгендер ерлер колониясына тоғытылуы əбден мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Алматыны қардан тазалауға бюджеттен тағы 400 млн теңге бөлінді

11 жыл бойы күйеуінен қорлық көрген әйел аянышты тағдырын баяндады (видео)

"Қазақстан тарихы" пәні ҰБТ-дан алынып тастала ма?

Павлодарда қатты аяздан жылыну үшін құдыққа түскен адам көз жұмды

АҚШ Ресейдің қауіпті ракеталарынан қорқа бастады

Сықырлаған аязда шешініп тастап билеген бойжеткен желіні жарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325195-almatyda-ayel-transgender-erler-kolo.html