Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқтар Төлешовтің ең танымал тоқалы ұл босанды (фото)

Опубликовано:

Атышулы шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешовтің кенже тоқалы шекесі торсықтай ұл тапты, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Төрт әйелінің ішінде ең танымалы болып табылатын Дина Нұрәлиева бұл жолы шетелдің қымбат медицина мекемесін емес, Шымкенттегі қарапайым перзентхананы таңдаған.

Шымкенттегі №4 перинаталды орталық қызметкерлерінің айтуынша, Дина Нұрәлиева 28 қазан күні екінші перзентін босанып, ұл баланың анасы атанған. Ақ халаттылардан өзге мәлімет алу мүмкін болмады. Тек белгілісі, Нұрәлиева ханым бұған дейін бір қызды дүниеге алып келген.

Айта кетейік, Дина Нұрәлиева «Қазақстан аруы-2005» титулының иегері. Ал 2009 жылы «Әлем аруы» байқауында финалға шығып, 120 арудың ішінен оныншы орынға ие болды.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 30 қаңтары күні арнайы операция барысында «сыра королі» Төлешов құрықталған. Тергеу бірнеше айға жалғасып, «Төлешов ісіне» қараша айында нүкте қойылды.

Оған мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген айып тағылып, 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тергеу барысында Тоқтар Төлешовтің төрт әйелі бар екені және олардың барлығы «Шымкент сыра» зауытынан жұмысқа келмесе де ай сайын 2 млн теңгеден астам жалақы алып келгені белгілі болды.

Сондай-ақ, Төлешов 13 ұл-қыздың әкесі болып шықты.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Тағы оқыңыздар:

Алматыны қардан тазалауға бюджеттен тағы 400 млн теңге бөлінді

11 жыл бойы күйеуінен қорлық көрген әйел аянышты тағдырын баяндады (видео)

"Қазақстан тарихы" пәні ҰБТ-дан алынып тастала ма?

Павлодарда қатты аяздан жылыну үшін құдыққа түскен адам көз жұмды

АҚШ Ресейдің қауіпті ракеталарынан қорқа бастады

Сықырлаған аязда шешініп тастап билеген бойжеткен желіні жарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1325196-toqtar-toleshovtinh-enh-tanymal-toqaly-u/

pixel