RU

Маңғыстау облысының тұрғыны ішінде алтын тиындары бар қазына тауып алды

Маңғыстау облысының тұрғыны алтын және күміс тиындардан тұратын қазына тауып алды. Алтын тиындар XII ғасырдың аяғы XIII ғасырдың басында Маңғышылақ қаласында соғылған деп хабарлайды Лада порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ғалым Павел Петров табылған қазынаның хорезмшах династиясындағы Ануштегинидер Ала ад-Дин Текеш пен Мұхаммад ибн Текешке тиесілі екенін анықтады.

Өңірлік археолог Андрей Астафьев олжаның табылған орнын қарап, бұл жерде бұрын ежелгі сауда орны болған деген алдын ала болжам айтты

Осындай қазына екінші рет табылып отыр. Ішінде алтын тиындары бар қазына алғаш рет 2014 жылы табылған. Алайда ғалым олардың жалған екенін және қазіргі Өзбекстан аумағында жасалғанын айтып, қате тұжырым жасаған.

Алайда екінші табылған қазынаның орнын зерттеу барысында ғалым бастапқы жасаған тұжырымын өзгертіп, алтын тиындардың Мұхаммад ибн Текешке тиесілі екеніне көз жеткізеді.

Жалпы табылған қазынаға жүргізілген зерттеудің нәтижесінде Павл Петров әлемнің бірде-бір мұражайында мұндай тиындардың жиынтығы жоқ екенін айтты. Ғалым бұны Қазақстаның ұлттық құндылығы деп атады.

Тағы оқыңыздар:

Алматыны қардан тазалауға бюджеттен тағы 400 млн теңге бөлінді

11 жыл бойы күйеуінен қорлық көрген әйел аянышты тағдырын баяндады (видео)

"Қазақстан тарихы" пәні ҰБТ-дан алынып тастала ма?

Павлодарда қатты аяздан жылыну үшін құдыққа түскен адам көз жұмды

АҚШ Ресейдің қауіпті ракеталарынан қорқа бастады

Сықырлаған аязда шешініп тастап билеген бойжеткен желіні жарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325244-manhystau-oblysynynh-turghyny-ishinde-al.html