RU

Шымкент әкімі Лондонға барып, таксишілермен кездесті (фото)

Шымкенттегі қоғамдық көлік мәселесінен әбден күйінген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания астанасы Лондондағы такси қызметімен танысты, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Лондонда жүрген Әбдірахымов алдымен екі ел арасындағы үкіметаралық комиссия отырысына қатысты. Мұнан соң лондондық такси қызметінің басшысымен кездесті. Мақсат – шетелдік компаниямен тәжірибе алмасу.

Сондай-ақ, Шымкент басшысы xалықаралық "AECOM" компаниясының атқарушы директоры Патрик Флаертимен жолығып, "Шымкент Сити" жобасын таныстырды. Британдық компания басшысы бұл жобаға зор қызығушылық танытып отыр.

Айта кетерлігі, "АЕСОМ" - сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға арналған халықаралық компания.

Компания жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік әуежайларды, Мәскеудегі «Москва-City» жобасын атап өтуге болады. Еске салсақ, "AECOM" компаниясының өкілдері жаз мезгілінде Шымкент қаласына келіп кеткен болтын.

Нәтижесінде компанияның аймақтағы директоры Марина Констанян мен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов облыс орталығына инвестициялар тарту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді.

Тағы оқыңыздар:

Тоқтар Төлешовтің ең танымал тоқалы ұл босанды (фото)

Алматыда жезөкшелерге "крыша" болған подполковник 10 жылға сотталып кетті

Қарағандыда автобус жантүршігерлік жол апатына түсіп, екі адам мерт болды

Маңғыстау облысының тұрғыны ішінде алтын тиындары бар қазына тауып алды

Алматыда жетімдер үйі өртеніп кетті

Атырауда келісі 10 мың теңге тұратын "алтын" құлпынайлар сатылып жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325362-shymkent-akimi-londongha-baryp-taksishi.html