RU

Танымал брендтің көйлегінен өлі тышқан табылды (фото)

Нью-Йоркте тұратын Кайли Физел атты әйел мұндағы танымал маркалы дүкендердің бірінен көйлек сатып алған болатын деп жазады 24.kz.

Затты дүкеннен алып жатқан кезде түк сезбеген Кайли бірнеше аптадан кейін көйлектің ішкі жағынан аяғына бірнәрсе үйкеліп, мазасы кеткесін оңаша жерге барып, тексеріп көрген.

Сөйтсе, киімнің ішкі тігісінен кәдімгі тышқанның аяғы шығып тұр екен. Мұндай «тосынсыйды» күтпеген әйел бір сәтке тосырқап, не істерін білмей тұрып қалған.

Біраздан соң есін жиған ол, адвокатқа хабарласып, киімнің өндірушісін сотқа берді. Енді компания клиентке тек моральдік емес, физикалық зиян келтіргені үшін де жауап береді. Себебі Кайлидің өлі тышқанның аяғы батқан жері қызарып кетіп, оған «кеміргіштер ауруы» атты диагноз қойылған.

Тауар өндірушісі Физелдың арызы бойынша мәселенің шешімін қарастырып жатқанын хабарлап, киім тігісіне тышқанның қалай кіріп кеткенін өздері де осы кезге дейін біле алмай отырғандығын айтып, иықтарын қиқаңдатты.

Тағы оқыңыздар:

Тоқтар Төлешовтің ең танымал тоқалы ұл босанды (фото)

Алматыда жезөкшелерге "крыша" болған подполковник 10 жылға сотталып кетті

Қарағандыда автобус жантүршігерлік жол апатына түсіп, екі адам мерт болды

Маңғыстау облысының тұрғыны ішінде алтын тиындары бар қазына тауып алды

Алматыда жетімдер үйі өртеніп кетті

Атырауда келісі 10 мың теңге тұратын "алтын" құлпынайлар сатылып жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325454-amerikalyq-ayel-ataqty-brendten-saty.html