RU

Алдағы ҰБТ-да екі жауабы бар сұрақтар да болады

Жаңа оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуде бір сұрақ бойынша екі балл алуға мүмкіндік болады деп хабарлайды Астана арнасы.

Мұндай тапсырмалар бітірушілердің мектепте тапсыратын емтиханы барысында да кездеспек.

ҰБТ-ға енгізілген өзгерістер бойынша бүгін үкімет отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев есеп берді. Ал жиыннан соң өткен баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, екі ұпайды оқушылар өздері таңдаған профильді пәні бойынша ғана ала алады.

Ал негізгі пәндер, математика, қазақ тілі немесе орыс тілі және Қазақстан тарихынан ондай екі ұпайлы сұрақтар болмайды.

"Бір сұрақта бірнеше дұрыс жауап болған жағдайда, екі балл қосылады. Ұлттық бірыңғай тестте де, мектептегіде де болады. Таңдау пәнінде бірнеше дұрыс сұрақтың жауабы болады", - дейді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева .

Тағы оқыңыздар:

Алматыда жетімдер үйі өртеніп кетті

Зағипа Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек

Білім министрлігі ағылшынша оқуға келген мұғалімдерді тентіретіп жіберді

Жемқорлықпен ұсталған Қостанай әкімінің қымбат көліктері ұшты-күйлі жоғалып кетті

Қазақстан құрамасы кәсіби боксқа ауысатын спортшылардың жолын бөгемекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325614-aldaghy-ubt-da-eki-zhauaby-bar-suraqtar-d.html