RU

Құпия қайырымды жан қызылордалық мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй сыйлады (фото)

Қызылорда қаласының шетіндегі үш бөлмелі жер үйде тұрып келген мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптылар Бақытбек Сейітбаев пен Күләш Тілеуовалар күтпеген жерден үйлі болды деп хабарлайды Азаттық-қа сілтеме жасап NUR.KZ.

Аты-жөнін жария еткісі келмеген азамат мүгедек жандарға жеті бөлмелі үй, автокөлік және мүгедек арбасын сыйға тартқан.

Олар осыған дейін Қызылорда қаласының шетінде 3 бөлмелі жайсыз үйде тұрып келген, енді кең үйдің қызығына томай отыр. Отағасы жомарт жанның баспанадан бөлек тағыда сый жасағанын айтады.

«Үйден бөлек жаңа көлік сыйлады. Оны енді өз ыңғайыма қарай жастып жатырмын. Тағы тоқпен жүретін мүгедек арбасын сыйлады», – дейді Бақытбек Сейітбаев.

Ерлі зайыптылар мүмкіндігі шектеулі боғанына қарамастан қол қусырып қарап отырмайды. Әйелі көрпе-төсек тіксе, күйеуі көлігімен кісі тасып, нәпақасын табады.

Азаттық тілшісімен сөйлескен олар бәрінен бұрын дәретхана мен жуынатын жердің қолайсыздығы жанға бататын айтқан. Енді ол мәселенің барлығы шешімін тапқандай. Мектебі сәл алыстағаны болмаса қыздары да жаңа үйге дән риза.

Айта кетейік, Қызылорда қалалық әкімдігі бұл отбасының жағдайымен таныс болса да, үйді кезексіз бере алмайтындарын құлақдар еткен.

Ал, баспана мәселесін қайырымдылықпен шешіп берген жомарт жан есімін көпке жариялауды жөн көрмеген.

Фото Азаттық сайтындағы видеодан алынды.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда жетімдер үйі өртеніп кетті

Зағипа Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек

Білім министрлігі ағылшынша оқуға келген мұғалімдерді тентіретіп жіберді

Жемқорлықпен ұсталған Қостанай әкімінің қымбат көліктері ұшты-күйлі жоғалып кетті

Қазақстан құрамасы кәсіби боксқа ауысатын спортшылардың жолын бөгемекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325641-esimin-zhasyrghan-qayyrymdy-zhan-qyzylo.html