RU

Үш ай бойы жасанды аппаратпен демалып жатқан сәби ажалдан аман қалды

Павлодарда алғаш рет салмағы 900 грамм, шала туылған сәбидің жүрегіне ота жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық кардиологиялық орталық туа біткен жүрек ақаулары бөлімінің меңгерушісі Тимур Райымханов мәлім етті.

"Биыл 6-тамыз күні София Михачева ашық артериялық түтік диагнозымен дүниеге келген. Жүктіліктің 24-ші аптасында туған сәби үш ай бойы жасанды вентиляция аппараты арқылы демалды және салмақ қоспады. Ешқандай оң өзгеріс болмаған соң, ашық түтікті жабу туралы шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде 4-қараша күні кардиологиялық орталықтың бригадасы өткізген ота сәтті аяқталды. Бұған дейін мұндай салмақпен туған балаға ота жасалмаған. Әдетте, препараттармен емдеуге тысырасамыз. Қазір баланың жағдайы жақсарған. Салмағы бір келі 200 граммға жетті және алаңдауға негіз жоқ десе болады", - дейді Тимур Райымханов.

Дәрігердің айтуынша, жыл сайын кардиологиялық орталықта жас ерекшелігі әртүрлі, жүрек ақауы бар 100-ден астам балаға ота жасалады.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда жетімдер үйі өртеніп кетті

Зағипа Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек

Білім министрлігі ағылшынша оқуға келген мұғалімдерді тентіретіп жіберді

Жемқорлықпен ұсталған Қостанай әкімінің қымбат көліктері ұшты-күйлі жоғалып кетті

Қазақстан құрамасы кәсіби боксқа ауысатын спортшылардың жолын бөгемекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325672-darigerler-900-gramm-bolyp-tughan-nareste.html