RU

Жүрек жұтқан әйел 1 айлық сәбиді сөмкеге жасырып шекара аспақшы болды (фото)

Испанияның Мелилья қаласына кіреберістегі бекетте сөмкеге 1 айлық баланы салып өтпек болған марокколық екі әйел ұсталды деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға барысында спорттық сөмке асынған әйел адамның әрекеті полицияның күдігін тудырған. Сөмкені тексеру кезінде ішінен тұншыққалы жатқан қыз бала шықты.

Сәбидің дүниеге келгеніне небәрі 1 ай болғаны анықталды. Қазір әйелдердің сәбиге нақты қандай туыс болып келетіндігі мұқият тексеріліп жатыр.

Егер бала әйелдерге туысқан болып шықпаса, «онда олар Испания жеріне сәбиді сату үшін алып келген болуы мүмкін», дейді полиция.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда жетімдер үйі өртеніп кетті

Зағипа Балиева: Педофилдерді өлім жазасына кесу керек

Білім министрлігі ағылшынша оқуға келген мұғалімдерді тентіретіп жіберді

Жемқорлықпен ұсталған Қостанай әкімінің қымбат көліктері ұшты-күйлі жоғалып кетті

Қазақстан құрамасы кәсіби боксқа ауысатын спортшылардың жолын бөгемекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325729-zhurek-zhutqan-ayel-1-aylyq-sabidi-somkeg.html