RU

Ақмола облысында тағы бір әйел үйіне жете алмай, жарты жолда үсіп қалды

Ақмола облысы Васильевка ауылы шетінде тағы бір әйел үсіп қайтыс болды деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik агенттігіне.

Полицияның мәлімдеуінше, Сандықтау ауданы Васильевка ауылының тұрғыны 19 қараша күні құрбысының үйінен шығып, алайда өз үйіне оралмаған. Зайыбын іздеп-іздеп таба алмаған ер адам полицияға хабарласуға мәжбүр болыпты.

Іздеу жұмыстары барысында 21 қараша күні ауыл шетінде қалың қар арасынан жоғалып кеткен 50 жастағы әйел адамның денесі табылған.

"Ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ дене мәйітханаға жіберілді, сараптама тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша, әйел адамның өліміне себеп болған – ағзаның жалпы суықтауы", — деді агенттікке сұхбат беруші.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында аязда үсіп қалған әкімдік қызметкерінің мәйіті табылған еді.

Тағы оқыңыздар:

Есімін жасырған қайырымды жан қызылордалық мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)

Жансейіт Түймебаев бүлік әлем көз тігіп отырған қазақ жерін қастерлеуге шақырды

Алдағы ҰБТ-да екі жауабы бар сұрақтар да болады

Бүгін Қазақстанның солтүстігінде ақтүтек боран соғады

Үш ай бойы жасанды аппаратпен демалып жатқан сәби ажалдан аман қалды

Жүрек жұтқан әйел 1 айлық сәбиді сөмкеге жасырып шекара аспақшы болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325783-aqmola-oblysynda-taghy-bir-ayel-uyine-zh.html