RU

Жапондықтар таза алтыннан жаңа жылдық шырша жасап шығарды

Токиодағы зергерлер жаңа жылдық шыршаны таза алтыннан жасады. Олар «бұл біздің Ұлыбританияның Еуропалық одақ құрамынан шығуы мен жаһандық экономикадағы тұрақсыздыққа берген жауабымыз» дейді.

Бұл – әлемдегі ең қымбат шырша. Құны 2 млн АҚШ долларына жетіп-жығылады. Басындағы бір ғана жұлдыздың өзі – 65 мың доллар. Биіктігі – 2 метр, салмағы – 19 келі.

Шыршаны орнатқан дүкен иелері зергерлік кәсіптің орнығып, қанат жайғанына 90 жыл толғанын осылай атап өтуге бел буған. Шыршаны алтынмен безендірудің себебі бұл ғана емес.

"Ғаламдық экономиканың тұрақсыз болуының бірнеше себебі бар. Соның бірі – «брексит». Осы алтын шыршаны жасаудағы мақсатымыз – жайсыз хабарды аластап, жарқын болашаққа жол ашса деген тілек.

Бұл шыршаны сатып алуға болады. Бірақ әзірге саудаласып жатқан жан жоқ. Қалталы деген кәсіпкерлердің өзі құнды ағашты тамашалап, айналшықтап жүр.

Көздің жауын алатын жаңа жылдық шыршаны 15 шебер 5 ай бойы жасаған. Оны жұртшылық зергерлік дүкеннен 25 желтоқсанға дейін тамашалай алады.

Тағы оқыңыздар:

Есімін жасырған қайырымды жан қызылордалық мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)

Жансейіт Түймебаев бүлік әлем көз тігіп отырған қазақ жерін қастерлеуге шақырды

Алдағы ҰБТ-да екі жауабы бар сұрақтар да болады

Бүгін Қазақстанның солтүстігінде ақтүтек боран соғады

Үш ай бойы жасанды аппаратпен демалып жатқан сәби ажалдан аман қалды

Жүрек жұтқан әйел 1 айлық сәбиді сөмкеге жасырып шекара аспақшы болды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325865-zhapondyqtar-taza-altynnan-zhanha-zhyldy.html