RU

Қуаныш Сұлтанов Астана қаласына Назарбаевтың атын беруді ұсынды

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Тәуелсіздік декларациясы қаралып жатыр деп хабарлайды BNews.kz.

Бірлескен отырыста сөз алған парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин күн тәртібінде маңызды тарихи құжаттың қаралатынын айтты.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматуллин Тәуелсіздік декларациясының маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы – өте маңызды тарихи кезеңге арналған құжат. Осы уақыттың ішінде барлық жетістіктер мен табыстар – ең алдымен, Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі. Сонымен бірге, әрқашанда мемлекет басшысына қолдау көрсетіп, тірек болып келе жатқан халқымыздың береке бірлігінің нәтижесі. Сондықтан, парламентте осы тарихи құжатты қарастыру келе жатқан Тәуелсіздік мерейтойының ерекше маңыздылығын көрсетеді», – деп түйіндеді мәжіліс төрағасы.

Жиында парламент мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларация мәтінін оқып, депутаттар елорда атауын Назарбаевтың есімімен байланыстыруды ұсынады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгілік естелік болып қалуы тиіс (...). Конституцияда алғашқы президентіміз, ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің мемлекетті құрудағы қосқан үлкен үлесін атап өтуді, елбасы есімін астананың және елдің өзге де маңызды нысандарының атауына қосуды ұсынып отырмыз", - деді Сұлтанов.

"Біздің басты мақсатмыз - елбасының айналасына бірігіп, Мәңгілік ел құндылықтарын нығайту және ұрпағымызға біздің ең қымбаттымыз - Тәуелсіз Қазақстанның болашағын сеніп тапсыру", - деп қосты депутат.

Тағы оқыңыздар:

Есімін жасырған қайырымды жан қызылордалық мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)

Жансейіт Түймебаев бүлік әлем көз тігіп отырған қазақ жерін қастерлеуге шақырды

Алдағы ҰБТ-да екі жауабы бар сұрақтар да болады

Бүгін Қазақстанның солтүстігінде ақтүтек боран соғады

Үш ай бойы жасанды аппаратпен демалып жатқан сәби ажалдан аман қалды

Жүрек жұтқан әйел 1 айлық сәбиді сөмкеге жасырып шекара аспақшы болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325925-astanagha-nazarbaevtynh-esimin-berudi.html