RU

Көп ұйықтайтын ер адамдар әке атану бақытынан айырылады

Ғалымдар ерлердің жыныстық белсенділігі ұйқыға байланысты екенін анықтады деп хабарлайды muslim.kz.

Ұйқының ер адамдардың жыныстық белсенділігіне, яғни әке атану мүмкіндігіне тікелей әсер ететінін екінің біле бермесі анық. Егер ер адам тәулігіне 6 сағаттан аз немесе 9 сағаттан көп ұйықтаса, ол адамның жыныстық белсенділігі азая түсетін көрінеді.

Бостон университетінің (АҚШ) мамандары осы айталған тұжырымды дәлелдеу мақсатында арнайы сынақ жүргізіп көрген екен. 21 мен 45 жас аралығындағы 695 жұпты таңдап алған олар тәжірибеге қатысушылардың ұйқы ұзақтығын бақылай бастаған. Осылайша, олар әр сегіз апта сайын әйелдердің жүкті болуын деңгейін анықтап, ақыр соңында осы шешімге келген.

Қорыта айтқанда, ұйқысы бұзылған жандардың бала сүю бақытына ие болуы айтарлықтай төмендейді. Егер ер адам тәулігіне 9 сағаттан артық ұйықтайтын болса, онда оның әке атану мүмкіндігі бар болғаны 42% құрайтын көрінеді.

Тағы оқыңыздар:

Есімін жасырған қайырымды жан қызылордалық мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)

Жансейіт Түймебаев бүлік әлем көз тігіп отырған қазақ жерін қастерлеуге шақырды

Алдағы ҰБТ-да екі жауабы бар сұрақтар да болады

Бүгін Қазақстанның солтүстігінде ақтүтек боран соғады

Үш ай бойы жасанды аппаратпен демалып жатқан сәби ажалдан аман қалды

Жүрек жұтқан әйел 1 айлық сәбиді сөмкеге жасырып шекара аспақшы болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1325987-kop-uyyqtaytyn-er-adamdar-ake-atana-al.html