RU

Ақтауда ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Маңғыстау облысының тұрғыны 19 қараша күні жоғалып кеткен. Келесі күні оның жұмыс орнына жақын маңнан көлігі мен құжаттары табылыпты.

Бұл туралы Lada.kz порталына сілтеме жасап Skifnews.kz порталы хабарлайды.

Қайыржан Қызылғұлов әйелімен және үш баласымен Форт-Шефченко елдімекенінде тұрады. Ал, оның жұмыс орны Түпқараған ауданындағы Аташ ауылында. 19 қараша күні ер азамат өзінің Opel Vectra көлігімен жұмысқа кетіп, содан қайта оралмаған. Әріптестері оны 19 қараша күні кешке көргенін айтып отыр. Алайда, келесі күні Қайыржан жұмысқа шықпаған.

"Келесі күні жұмыс орнында оның көлігі мен құжаттары табылды. Ал, сағат 16:00-де теңіз жағасында, жұмысына жақын маңда курткасы мен ұялы телефонын таптық. Қазір біз оны өз күшімізбен табуға тырысып жатырмыз. Ол бәлкім далаға кетіп, адасып қалған болар", - дейді ер азаматтың әпкесі Сара Қызылғұлова.

Іздеу жұмыстарына полицейлер де кірісіп кеткен. Алайда, ол әлі нәтижесін берген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Қуаныш Сұлтанов Астана қаласына Назарбаевтың атын беруді ұсынды

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

Қазақ қызы бай жігітке тұрмысқа шығудың жолдарын айтып берді

Павлодарлық балақай өз үйіне оралу үшін анасын 7 жыл күткен

Жансейіт Түймебаев бүкіл әлем көз тігіп отырған қазақ жерін қастерлеуге шақырды

Қарақат Қыдырәліге екінші әйел болып тұрмысқа шыққанын жасырмай айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1326004-aqtauda-er-adam-iz-tuzsiz-zhoghalyp-kett.html