RU

Астананың атауы "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" болып өзгеруі мүмкін

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация қабылданды деп хабарлайды Baq.kz.

Отырыста сенаттың 46, ал мәжілістің 105 депутаты декларацияны жақтап дауыс берді.

«Сонымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы қабылданды. Бұл еліміз үшін, соның ішінде, парламент үшін ерекше орын алатын маңызды құжат, маңызды шешім. Осы қабылданған декларация біздің тарихымыз және болашақ ұрпағымызға қалдыратын мұрамыз», - деп атап өтті мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін депутаттар бас қаланың атауын өзгерту жөнінде өз пікірін білдірді.

Депутат Қуаныш Сұлтанов екі атаудың біреуі болуы мүмкін екенін атап өтті. Ол – "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев".

«Біз Конституциясына Астана атауына қатысты өзгерту енгізуді ұсындық. Ата Заңда өзгерістер болуы мүмкін. Осы сұрақтар жөнінде әлі ақылдасатын боламыз. Бас қаланың атауын "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" деп атауға болады. Бұл халықтың ұсынысы. Біз бүгін декларацияда осыны бастама көтердік. Депутаттар оны қолдады», - деді ол.

Сонымен қатар, халық қалаулысы бұл бастаманың бұрында көтерілгендігін айтты.

«Бұл сұрақ осыдан 5 жыл бұрын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткенде көтерілген болатын. Менің пікірімше, Астанаға тұңғыш президентінің атауын беруге лайықты. Әлемде мұндай тарихи деректер кездеседі. Менің ойымша, халық бұған лайық», - деді депутат.

Сөз соңында парламенті мәжілісінің депутаты аталмыш мәселеге қатысты соңғы шешімді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтатынын атап өтті. Сондай-ақ, депутат елордада Тәуелсіз Қазақстан монументін тұрғызу бастамасы қаралып жатқандығын мәлімдеді.

Айта кетейік, парламент палаталарының бірлескен отырысында Тәуелсіздік декларациясы қаралды. Маңызды жиынға жалпы 104 депутат, премьер-министрі, мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігінің басшысы, Конституциялық кеңес, Жоғарғы сотының төрағалары, үкімет мүшелері қатысуда.

Тағы оқыңыздар:

Қуаныш Сұлтанов Астана қаласына Назарбаевтың атын беруді ұсынды

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

Қазақ қызы бай жігітке тұрмысқа шығудың жолдарын айтып берді

Павлодарлық балақай өз үйіне оралу үшін анасын 7 жыл күткен

Жансейіт Түймебаев бүкіл әлем көз тігіп отырған қазақ жерін қастерлеуге шақырды

Қарақат Қыдырәліге екінші әйел болып тұрмысқа шыққанын жасырмай айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1326027-tauelsizdiktinh-25-zhyldyghyna-arnalghan-d.html