RU

350 келі салмағын көтере алмаған әйел Қостанайда көз жұмды

23 қараша күнге қараған түні Қостанайда 39-жастағы Галина Воробьева ауруханада көз жұмды деп хабарлайды Алау порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаев бұл ақпаратты растады.

Қалалық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымованың айтуынша, әйел бірнеше күн бұрын асқазанынан қан кетті деген күдікпен ауруханаға түскен.

350 келілік әйелді ауруханаға Төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері жеткізген. Оны 8 адам көтерген. Тексеріс жүргізілгеннен кейін әйелге қойылған диагноз расталмаған. Галина бәрібір терапевтің бақылауында болған.

"Оны біздің бөлімге жатқызды. Әйелді УЗИ-ге түсіріп, анализ алдық. Қан кеткені анықталмады. Ол өзін жақсы сезініп жүрген. Тіпті, тез арада үйіне қайтқысы келді. Бүгін оны ауруханадан шығару керек болатынбыз. Алайда ол түнде қаза болды", - дейді бөлім меңгерушісі.

Қазір осы оқиғаға байланысты соталды тергеу жұмыстары басталды.

Тағы оқыңыздар:

Қуаныш Сұлтанов Астана қаласына Назарбаевтың атын беруді ұсынды

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

Қазақ қызы бай жігітке тұрмысқа шығудың жолдарын айтып берді

Павлодарлық балақай өз үйіне оралу үшін анасын 7 жыл күткен

Жансейіт Түймебаев бүкіл әлем көз тігіп отырған қазақ жерін қастерлеуге шақырды

Қарақат Қыдырәліге екінші әйел болып тұрмысқа шыққанын жасырмай айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1326131-qostanayda-350-kelilik-ayel-qaza-boldy.html