RU

Бастары ажыратылған сиам егіздері бір-бірін алғаш рет көрді (фото, видео)

Нью-Йоркте бір-біріне жабысып туған сиам егіздеріне күрделі ота жасалды. Бастары ажыратылған сиам егіздері бір-бірін алғаш рет көргенде аң-таң болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазан айында сәтті жасалған отадан кейін егіздер үйіне оралуға әзірленіп жатыр. Дәрігерлер күрделі отаны 27 сағат бойы жасаған. Нәтижесінде егіздер бір-бірін алғаш рет көру мүмкіндігіне ие болды.

Нью-Йорктің Montifiore медициналық орталығындағы дәрігерлер балалардың жағдайы жақсы екенін айтуда. Балалардың анасы Николь Макдональд бұл жайтты ғажайыпқа теңеп, қуаныштан көзіне жас алды.

Видео: mirror.co.uk

Тағы да оқыңыздар:

Астананың атауы "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" болып өзгеруі мүмкін

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

Қарақат Қыдырәліге екінші әйел болып тұрмысқа шыққанын жасырмай айтты

Павлодарлық балақай өз үйіне оралу үшін анасын 7 жыл күткен

Құпия қайырымды жан қызылордалық мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй сыйлады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1326229-bastary-azhyratylghan-siam-egizderi-bi.html