RU

Елорда атауы өзгертілген жағдайда Астана тұрғындарын не күтіп тұр?

Елорда атауын өзгерту ұсынысы туындағаннан кейін бұл жағдай қарапайым тұрғындарға қалай әсер етеді? Азаматтар үшін құжаттарды ауыстыру үдерісі қалай жүретінін ХҚКО бірыңғай контакт-орталығынан Sputnik Қазақстан агенттігі сұрастырды.

Қала атауы өзгерсе, бүкіл құжаттарды өзгертіп, келісімдерді қайта жасасуға тура келеді. Егер қайта рәсімдеуге себеп болған мемлекет бастамасы болса, азаматтарға ешқандай шығын келмейді.

"Иә, қала атауы өзгерсе, бүкіл құжаттар ауысады, бұған 15 жұмыс күні кетеді. Егер жеке себебіңізге байланысты емес, мемлекет бастамасына сәйкес құжат ауыстыруға мәжбүр болсаңыз, құжатты айырбастауға кеткен бүкіл шығынды мемлекет көтереді. Ал, жаңа құжаттар алған соң, бүкіл келісімшарттарды қайта рәсімдеуге тура келеді, мәселен ТКШ келісімшарты және т.б.", — деді ХҚКО бірыңғай контакт-орталығының қызметкері Sputnik Қазақстан агенттігіне телефон арқылы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан парламенті палаталарының депутаттары елорда атауын президент есімімен байланыстырып өзгерту ұсынысын талқылаған болатын.

Депутаттар Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияға дауыс берді, оның мәтінін мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқыды. Бұл декларацияда елдің бас қаласы Астана атауын өзгерту мәселесі қозғалған.

Тағы да оқыңыздар:

Астананың атауы "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" болып өзгеруі мүмкін

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

Қарақат Қыдырәліге екінші әйел болып тұрмысқа шыққанын жасырмай айтты

Павлодарлық балақай өз үйіне оралу үшін анасын 7 жыл күткен

Құпия қайырымды жан қызылордалық мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй сыйлады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1326437-elorda-atauy-ozgertilgen-zhaghdayda.html