RU

Еркін Нұржанов алған қарызын қайтармай кеткенін мойындады

Танымал әнші Еркін Нұржанов қарыз алып, оны кейіннен қайтармай кеткенін мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Қазақстан" Ұлттық арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасында айтты.

Бағдарламаның кезекті саны қарызға батқан жандар туралы болды. Бағдарлама басында әншілерден қарыз алып, қайтармай кеткен кездер болды ма деген сұрақ болды. Бұл сұраққа жауап берген Еркін Нұржанов ондай кездер өмірінде болғанын айтты.

Студенттік кезінде дүкеншіге 2500 теңге қарыз болып қалған Еркін, кейіннен ол қарызын ұмытып кеткен екен. Сөйтіп, басқа қалаға көшіп кеткен ол қарыз алған адамға ақшасын қайтармаған.

Әнші ол "Жігіттер" тобы енді құрылған кезде болған жайт екенін айтты.

Тағы да оқыңыздар:

Астананың атауы "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" болып өзгеруі мүмкін

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

Қарақат Қыдырәліге екінші әйел болып тұрмысқа шыққанын жасырмай айтты

Павлодарлық балақай өз үйіне оралу үшін анасын 7 жыл күткен

Құпия қайырымды жан қызылордалық мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй сыйлады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1326470-erkin-nurzhanov-alghan-qaryzyn-qaytarm.html