RU

Әлем елдері әскерін қалай тамақтандырып жүр?

Әлем елдерінің армиясы қалай тамақтанады, әр ел өз отан қорғаушыларын қай деңгейде қуаттандырып жүр? You Tube желісінде Gundog есімді блогер осы тақырыпқа шолу жасапты. Салыстырып көрейік.

Ұлыбритания

Бұл мемлекет өз әскерилеріне бұқтырылған сиыр еті мен картоп береді. Ал шайды осындай дәмді пудингпен бірге ұсынады.

Канада

Канада сарбазы  гамбургер, тағамның дәмін келтірер тұздық, бұршақ салаты, жеміс шырыны, бір тілім нан, жер жаңғағының пастасы, шай немесе ванильді кофеден дәм тата алады.

Италия

Бұл елдің жауынгерлері соустағы тортеллини (біздіңше тұшпара), франкфурт шұжығы, печенье және консервіленген жеміс жейді.

Португалия

Португалдық әскерилерге ұсынылатын тағам артық салмақ  тастағысы келіп жүрген адамдарға лайық емес. Өйткені ондағы тағамдардың  құндылығы өте жоғары – 3 мың килокалориядан асып түседі. Олардың түскі ас рационы шошқаның бауырынан жасалған паштет, көкөністермен бұқтырылған сиыр еті, лимон пастасымен крекер, сусыннан тұрады. Ал кешкі асқа томат соусындағы сардини балығы, ұсақтап туралған шошқа етінен жасалған ыстық тамақ, және тәтті кәмпиттер беріледі.

Жапония

Бұл елдің әскерилеріне берілетін тағамдар апаттық жағдайда таратылатын азық-түлік қапшықтарының құрамына ұқсайды екен. Онда екі түрлі күріш, асбұршақ, және мексикандық соустағы сиыр еті бар.

Германия

Неміс әскеріне картопты гуляш, консервіленген ет, нан, сергітетін спорттық сусын, печенье, шоколад, шай, кофе, қант және суды тазартатын дәрі ұсынылады.

Эстония

Эстондық сарбаздарға қызанақ соусындағы тефтели, картоп, нан, құс етінің паштеті және тәттілер сусынымен ұсынылады.

Қазақстан

Ал елімізде борышын өтеп жатқан сарбаздардың тәуліктік рационынан дәнді-дақыл, макарон өнімдері, кофе, шай, сары май, жеміс және бал табылады.  Мемлекет бір сарбазды тамақтандыру үшін тәулігіне 800 теңге жұмсалады.

Тағы да оқыңыздар:

Дәулет Тұрлыханов 91 тобы туралы: Бұл дауысқа менің қатысым жоқ (видео)

Шымкент әкімдігі 6 млн теңгеге биоәжетхана орнатпақшы

Ильин: Өкінішке қарай спорттық мансабым аяқталды

Алматыда кафе өртеніп жатыр (фото)

Назарбаев құрметіне аталған қандай нысандар бар?

Елорда атауы өзгертілген жағдайда Астана тұрғындарын не күтіп тұр?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1326602-alem-elderi-askerin-qalay-tamaqtandy.html