RU

Ильин жақында тағайындалған қызметінен өз еркімен кетті

Илья Ильин ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясындағы кеңесші қызметінен өз еркімен кеткен. Бұл туралы спортшы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен шұғыл баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды Baq.kz.

«Жаңа қызметімнен кету туралы өз еркіммен өтініш жаздым. Кейбір азаматтар бұл туралы жазған болатын. Менің спортта жұмыс істеуге құқығым жоқ. Сондықтан Олимпиадалық қозғалыста жұмыс істеуге қатысты шешім қабылдауға асыққым келген жоқ. Себебі, біріншіден, менің ондай қадамға баруға құқығым жоқ. Мен жұмысқа әлі дайын емеспін. Әзірше, ешқай жерде жұмыс істемеймін», - деді ол.

«Менің беделіме нұқсан келді. Бірақ менің арым таза. Адал еңбек етіп, тыңғылықты дайындалдым. Барлығы жақсы болды. Алайда осы бізге көрсетілген анализдер барлығын жоққа шығарып отыр. Үлкен контора (Олимпиада комитеті – ред) маған: «кешір, сен жұмыс істей алмайсың» дейді. Әзірше жұмыс істемеймін. Ойымды жинақтап, мақсатымды айқындау керек. Кейін жұмыс істеп, ақыл-кеңес беруге болады. Содан кейін «мені жұмысқа алыңдар» деп айта аламын. Олар менсіз-ақ жұмыс істей алады. Бүгін барлық болған дауға қатысты соңғы нүкте қойылды. Мен ғажайып бір нәрсе болатын шығар деп ойлағанмын. Бірақ, барлығы осылай аяқталды», - деді Ильин.

Сөз соңында ауыр атлетикадан әлем чемпионы өмір соққысынан сабақ алуға шақырды.

«Менің ешкімді кінәлауға құқығым жоқ. Мен осында жалғыз отырмын. Біз жеңіске лайықты түрде жеттік. Сондықтан жеңілсек те абыроймен жеңілу керек. Халықпен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беру қажет. Мен ешкімді кіналаймын: өзімді, жаттықтырушыларымды, айналамдағы азаматтарды. Біз ешкімді кінәламай, қорытынды шығаруымыз керек. Біреуге кінә артқанмен, ештеңе өзгермейді. Қуанышты сәттерде барлығы қуанды. Ал қиын сәтттерде есті жиып, соққыны «ұстау керек», - деп түйіндеді сөзін ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитетінен 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды. Спортшының қанынан тыйым салынған препараттар табылған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Ильин: Өкінішке қарай спорттық мансабым аяқталды

Алматыда кафе өртеніп жатыр (фото)

Назарбаев құрметіне аталған қандай нысандар бар?

"Иә, мен геймін": Роналду шын мәнінде не деп айтты?

Елорда атауы өзгертілген жағдайда Астана тұрғындарын не күтіп тұр?

Миллиардер "ханшайым" Гүлнар Каримова туралы не білеміз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1326792-ilin-zhaqynda-taghayyndalghan-qyzmeti.html