RU

Тойда аспанға оқ атқандар бір адамды өлтіріп, төртеуін жарақаттады (видео +18)

Үндістанда үйлену тойының соңы қаралы жағдайға ұласты. Аспанға оқ атып, тойлатқандар қонақтардың бірін өлтіріп, тағы төртеуін жарақаттаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік сайттарға сілтеме жасап хабарлайды.

15 қараша күні Харьяна елдімекенінде болған жайт көпшілікті шошытты.

"Ол көз алдымызда өлді. Құтқара да алмадық. Есеңгіреп, әлі де болған жайтқа сене алар емеспіз", - дейді қаза болған Сунита есімді келіншектің туысы Рози Датта.

Оқ жарақатын алған төрт адамның ішінде 11 жасар қыз бала бар. Олар жансақтау бөлімінде өмір үшін арпалысуда. Қылмыскерлерді полицейлер іздестіріп жатыр.

Ескерту: Видеоны жүрегі әлсіз жандарға қарауға кеңес бермейміз!

Тағы да оқыңыздар:

Ильин: Өкінішке қарай спорттық мансабым аяқталды

Алматыда кафе өртеніп жатыр (фото)

Назарбаев құрметіне аталған қандай нысандар бар?

"Иә, мен геймін": Роналду шын мәнінде не деп айтты?

Елорда атауы өзгертілген жағдайда Астана тұрғындарын не күтіп тұр?

Миллиардер "ханшайым" Гүлнар Каримова туралы не білеміз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1326799-toyda-aspangha-oq-atqandar-bir-adamdy.html