RU

Шымкент әкімдігі 6 млн теңгеге биоәжетхана орнатпақшы

Шымкент әкімдігі 6 млн теңгеге биоәжетхана орнатпақшы деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Zakupki.kz порталында Шымкент әкімдігінің қоғамдық орынға арналған биоәжетхана орнату үшін тапсырысы пайда болды. Тапсырысты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі берген. Биоәдертхананың бір данасы 6 428 571 теңгеге бағаланған.

Жеткізіп беруші оны келісімшарт түзілген күннен бастап 15 күннің ішінде орнатуы тиіс.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түлкібас ауданында өткізген жиында қоғамдық дәретханалардың жоқтығын айтып күйінген болатын. Тіпті шетелдік қонақтардың таңданысын да мәлімдеді.

«Ұлы сөздің ұяты жоқ» деген бар. Мен облысты шетелдік қонақтармен аралап жүрмін ғой. Олардың қоятын сұрағы жергілікті жердің келбеті. «Үйлеріңіздің барлығы сұп-сұр... Сосын бірде намаз оқымақ болып, қол жуайық, дәрет алайық деп едік, жол бойынан ондай орынды таппадық. Сіздер тамақ жемейсіздер ме?» деді. «Жейміз, әрине» дедім. «Онда дәрет алу қажет емес пе?» деді олар. Расымен де бізде жол бойында дәретханалар тапшы. Мінеки, бұл бойынша біраз адамдарға айтқанмын, сметалық құжат дайындалып жатыр екен. Естіген жұрттан ұят», - деп ашуға булықты ОҚО әкімі.

Тағы да оқыңыздар:

Ильин: Өкінішке қарай спорттық мансабым аяқталды

Алматыда кафе өртеніп жатыр (фото)

Назарбаев құрметіне аталған қандай нысандар бар?

"Иә, мен геймін": Роналду шын мәнінде не деп айтты?

Елорда атауы өзгертілген жағдайда Астана тұрғындарын не күтіп тұр?

Миллиардер "ханшайым" Гүлнар Каримова туралы не білеміз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1326820-shymkent-akimdigi-6-mln-tenhgege-bioazhet.html